Мазмұнға өту

Бурбаки Никола

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бурбаки конгресі, 1938.

.Бурбаки Никола (Bourbakі Nіkolas) — Франциядағы математиктер тобының жинақтауыш бүркеншік аты. Бұл топ 1937 жылы Франциядағы Жоғарғы нормаль мектебін бітірген түлектерден құралған. Оның құрамындағы адамдар саны мен есімдері айтылмайды, құпия сақталады. Олар неміс математигі Д.Гильберттің (1862 — 1943) әр түрлі математика теориясына шолуды формальді математикалық әдіс тұрғысынан жасау керек деген идеясын жүзеге асыру үшін 1939 жылдан бастап еңбек етуде. Бурбакидің “Математика элементтері” атты көптомдық трактаты 1939 жылдан жарық көріп келеді. Авторлар математиканың басты тарауларын “Жалпы тұжырымдаманың дербес қырлары” ретінде қарастыра отырып, формальді аксиоматикалық жүйені дамытуды көздейді. Трактат өте абстрактылы әрі формальді сипатта және ол теорияның логикалық қаңқасы ғана болып келеді. Трактаттың негізіне аксиомалар арқылы анықталатын матем. структуралар деп аталатын ұғымдар (мысалы, реттік структуралар, топтық структуралар, топологиялық структуралар) алынған. Ал трактаттағы талдау жүйесі жалпыдан жекеге қарай жүргізіледі. Математиканы структуралар бойынша жіктеу дәстүрлі жіктеуден едәуір өзгеше. Бурбаки тобының “Бурбаки семинары” деп аталатын кеңесі жүйелі түрде өткізіліп отырады. Семинарда трактаттың негізгі нұсқасы дайындалады, сондай-ақ, әр елдердің ғалымдарының баяндамалары тыңдалады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том