Бір ел, екі жүйе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

«Бір ел, екі жүйе» (қыт. дәст. 一國兩制, жеңіл. 一国两制, пінин: yī guó liǎng zhì) — 1980-жылдардың басында Қытай Халық Республикасының жетекшісі Дэн Сяопинмен ұсынылған идея. Осы идеяға сәйкес, Қытайдың саяси жүйесі өзгеріске ұшырауы керек еді. Дэн Сяопин тек бір Қытайдың болуын, бірақ Гонконг, Макао және Тайвань сияқты аймақтар өздерінің капиталистік экономикалық және саяси жүйелеріне ие болып, Қытайдың басқа бөлігінде социалистік жүйенің сақтаулын ұсынды. Ұсынысқа сәйкес, Тайваньның өзінің саяси жүйесін, юрисдикциясын, қарулы күштерін, экономикасы мен қаржылық жүйесін, оның ішінде басқа елдермен жасалған қаржылық және мәдени келісімдерді сақтай алуы мүмкін болды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. China.org.cn. One Country, Two Systems.  (ағыл.)

Қолданылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]