Бұзақылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бұзақылық[1]әлеуметтік ортаға нұқсан келтіретін өрескел қылық. Ол азаматтарға зорлық көрсету, қорқытып-үркіту, сол сияқты өзгенің мүлкін жойып жіберу не бүлдіру, не аса қатыгездікпен бейбастақ әрекеттер жасау арқылы әлеумттік ортаны сыйламаушылықтың көрінісі болып саналады. Арнаулы заңдарда Бұзақылықтың түріне және қауіптілік дәрежесіне қарай жаза тағайындау көзделген. Оның өрескел

және аса өрескел түрлері болады. Бұзақылықғы үшін азаматтар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мұндай өрескел қылықтар мылтықты, газбен атылатын қаруды, пышақты, кастетті және адам өміріне зардап үшін әдейі жасалған, т.б. қару-жарақтарды қолдану не қолдануға тырысу арқылы жасалуы да мүмкін.[2]

Бұл қылмыстың жазасы Қылмыстық кодекстің 293-бабында келтірілген.

Тағы қарағыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 11-том