Валерий Васильевич Лобановский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Валерий Лобановский Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Мэтр[1], Полковник[2]

Туған күні

6 қаңтар 1939 (1939-01-06)

Туған жері

Киев

Қайтыс болған күні

13 мамыр 2002 (2002-05-13) (63 жас)

Азаматтығы

КСРО КСРО
Украина Украина

Бойы

187

Позиция

шабуылшы

Клуб карьерасы[* 1]
1957—1964 КСРО Динамо (Киев) 150 (43)
1965—1967 КСРО Черноморец (Одесса) 63 (20)
1967—1968 КСРО Шахтёр (Донецк) 53 (16)
Ұлттық құрамы[* 2]
1960—1961  КСРО 2 (0)
1963  КСРО (олимп.) 2 (0)
Бапкерлік карьерасы
1968—1972 КСРО Днипро
1973—1982 КСРО Динамо (Киев)
1975—1976  КСРО
1976 КСРО КСРО (олимп)
1982—1983  КСРО
1984—1990 КСРО Динамо (Киев)
1986—1990  КСРО
1990—1992  БАӘ
1994—1996  Кувейт
1997—2002 Украина Динамо (Киев)
2000—2002  Украина
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Валерий Васильевич Лобановский (укр. Валерій Васильович Лобановський; 6 қаңтар 1939, Киев, Украин КСР, КСРО — 13 мамыр 2002, Запорожье, Украина) — КСРО футболшысы, КСРО және Украиналық футбол жаттықтырушысы.

"Динамо" (Киев) клубын көп жыл жаттықтырған бапкер, екі рет бапкер ретінде УЕФА Кубок иелері кубогын (1975, 1986), бір рет УЕФА Суперкубогын (1975) ұтып алды. Бұл посткеңестік клубтар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Үш рет КСРО құрамасының бапкері болды, 1975 жылы аз ғана уақыт жаттықтырса, екінші рет тізгінді 1982 жылғы әлем чемпионатынан соң қолға алды. Бріақ құрама 1984 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама ала алмады да, ол қызметтен кетті.

1986 жылғы әлем чемпионаты басталғалы тұрған шақта тағы да құрама бапкері боп тағайындалды. Чемпионатты 6:0 есебімен Мажарстанды ұтып, керемет бастады. Францияның өзін артқа тастап, бірінші орынмен 1/8 финалға шықты да, күтпеген жерде Бельгиядан 3:4 есебімен ұтылып қалды. Арада екі жыл өткен соң Еуропа чемпионатының финалына шықты, бірақ сол кездегі теңдессіз Нидерланд құрамасы бұларды тоқтатты.

1990 жылы әлем чемпионатында КСРО құрамасы топтын шыға алмады да, қызметтен кетті. Кейін БАӘ, Кувейт, Украина құрамаларын және тағы "Динамо" (Киев) клубын жаттықтырды.

2017 жылы УЕФА оны Еуропа тарихындаға 10 ұлы бапкердің тізіміне қосты.

Бапкер жайлы пікірлер[3]

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Александр ХАПСАЛИС (Киевтің «Динамосында» 1978-1981 жылдары ойнаған):

– Мен оны пір тұтамын. Лобановский – футболшы болып қана емес, адам ретінде қалыптасуыма да орасан зор ықпал еткен жан. Қай елге, қай қалаға барсақ та, ол бізді театрларға, мұражайларға ертіп баратын. Жаттығу жиындарына кітапсыз келсек, дереу кері қайтарып жіберуден тайынбайтын. Бөлмемізге дейін келіп, шынымен кітап оқып отырмыз ба, әлде жәй жастанып жатырмыз ба, тексеруге ерінбейтін. Өзі өте көп оқыған адам еді, қандай сұрақ қойсаң да жауап бере алатын. Бізді де көпшілік алдында сөйлей білуге үйрететін, тіпті жанкүйерлермен кездесуде өзінен бұрын шәкірттеріне сөз беруге тырысатын. Қазір мен телекамера алдында тұрып журналистермен сағаттап сұхбаттасуға еш қиналмаймын, мұның өзі – Васильичтің арқасы. Біреулер оны «диктатор болыпты-мыс» деп жазады. Бірден айтайын: бос сөз! Рас, ол тәртіпті және ұқыптылықты жақсы көрді, шәкірттерінен де соны қатаң талап етті. Егер кешкі сағат сегізден соң біздің бірімізді бардан немесе мейрамханадан көріп қалса, әуелі ақшалай айып төлеттіретін, егер тағы қайталанса – командадан мүлде шығарып жіберуге дейін баратын.

Василий РАЦ («Динамоның» 1981-1990 жылдардағы ойыншысы):

– Лобановский кез келген ойыншының пікірін тыңдайтын. Бірақ бәрібір өз принциптеріне өте берік адам еді. Жиналыстарда әркімнің өз ойын ашық айтуын талап ететін. Өзі де кемшілікті тура бетке басып айтатын кісі еді ғой. Сол себепті де, ұжымда топқа бөліну, біреудің сыртынан әңгіме айту деген болған жоқ. Кейде «Лобановскийдің қаталдығы талай таланттың түбіне жетті» деген сөздерді естимін де, күлкім келеді. Керісінше, ол жүздеген талапты жасты шебер ойыншы етіп қана емес, тамаша адам етіп тәрбиеледі.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойыншы ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Динамо» (Киев)

  • КСРО чемпионы: 1961
  • КСРО кубогы: 1964

Бапкер ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Динамо» (Киев)

  • КСРО чемпионы (8): 1974, 1975, 1977, 1980, 1981, 1985, 1986, 1990
  • КСРО кубогы (6): 1974, 1978, 1982, 1985, 1987, 1990
  • КСРО суперкубогы (3) : 1981, 1986, 1987
  • Украина чемпионы (5): 1997, 1998, 1999, 2000, 2001
  • Украина кубогы (3): 1998, 1999, 2000
  • Куок иелері кубогы (2): 1975, 1986
  • УЕФА суперкубогы: 1975
  • Достастық кубогы (3): 1997, 1998, 2002

КСРО

  • Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1976
  • Еуропа чемпионатының финалисі: 1988

Кувейт

  • Азия ойындарының қола жүлдегері: 1994
  • Парсы шығанағы ұлттары кубогы: 1996
  • КСРО чемпионатындағы үздік 33 футболшыны (2): 1960 — № 2, 1962 — № 2
  • КСРО спорт шебері: 1960
  • Еуропадағы жыл бапкері (3): 1986, 1988, 1999
  • Еуропа футбол маусымының үздік бапкері: 1985/86
  • Әлемнің екінші бапкері: 1986 (версия World Soccer)
  • Жылдың үздік Спорт бапкері: 1975
  • Украинадағы жыл бапкері (5): 1997, 1998, 1999, 2000, 2002

Марапаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Құрмет белгісі» ордені (1971)
  • «Украина қаһарманы» (15.05.2002)
  • УЕФА ордені (қайтыс болған соң)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]