Ван Чун

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ван Чун (王充 Ван Чжунжэнь 仲任, 27-104 ж.ш.) — Хань әулетінен шыққан қытай энциклопедияшы-философ, тарихшы.

Біздің заманға дейін тек "Сыншыл пайымдау" (論衡 - «Лунь хэн») атты еңбегі жеткен. Бұл шығармасында мистика мен идеализмге, құбылсытар мен заттардың пайда болуы мен дамуын айқындайтын ең жоғары бағыт беруші күш ретіндегі "аспан" туралы конфуцийшілдік ілімге батыл қарсы шықты.

Ван Чун іліміне сәйкес, дүниедегінің бәріне материалдық элементтер - «ци» түпкі және бастапқы негіз болады. Адам - табиғаттың бір бөлігі, ол цидің қоюлануының нәтижесінде пайда болады. Цидің ыдырауы өліп, жоюлуға әкеледі. Ван Чун адамның сезімдік қабылдауы мен түйсігін объективті дүниені тану процесінің басты негізі деп жариялады. Ол "туабітті" білімді теріске шығарды. Ван Чун қоғамдық өмірдің, табиғаттың стихиялы құбылыстарына тәуелділігі туралы теорияға қарсы шықты. Тарих циклдер бойынша дамиды, гүлдену кезеңінен кейін құлдырау болады, сонан соң процесс қайталанады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Философиялық сөздік, Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996, 525 б., ISBN 5-89800-097-6