Вольфганг Ратке
Вольфганг Ратке (18.1.1571, Вильстер - 27.04.1635, Эрфурт) - көрнекті неміс педагогы, Коменскийдің ережелеріне жақын оқыту ережелері жүйесін жасаған ірі дидакт.
1612 ж. Майндағы Франкфурт қаласында өткен неміс князьдерінің құрылтайына төмендегі үш, оның пікірінше, ең маңызды мәселені шешуге арналған нұсқаулық ұсынды: 1. көне де, жаңа да тілдерді жылдам және оңай үйренуді қалай қамтамасыз етуге болады. 2. жастар әр түрлі ғылымдар мен өнерді зерделей алатын ана тіліндегі мектептерді барлық жерде қайтіп ұйымдастыруға болады. 3. Бүкіл Германияда басқарудың, тілдің және діннің бірлігіне қалай жетуге болады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|