Гирга

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гирга қаласы (Мысыр) – Нілдің оң жақ жағалауындағы Египет қаласы. Сохаг губернаторлығының аудан орталығы. Халық саны 120 413 адам (2005 жылғы халық санағы бойынша). Қаланың бұлай аталуы жөнінде екі нұсқа бар: бірі – ΙΙ Рамзестің қарындасы Гиргионың құрметіне қойылды десе, екіншісі – Мэри Гиргис (Әулие Георгия ) атындағы монастырьға байланысты қойылған дейді. Осы күнге дейін Гиргада копт шіркеуінің епископ кафедрасы бар. Қалаға жақын жерде Тинис атты көне қала бар. Көне Мысыр тарихшысы Манефонның айтуы бойынша, біздің заманымызға дейін 3100 жылы Тинис қаласында Мысырдың бірігуі болған. Қазіргі таңда Гирга Ніл алқабындағы ауылшаруашылық орталығы болып табылады. Қалада кондитер өнімдерін шығаратын және қант зауыты жұмыс істейді. Гирга әкімшілігінің ауданы 157,59 км².[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Cities in Egypt: 2005 Population Estimates
  1. Tour Egypt
  2. Мраморная стела в Гирге Мұрағатталған 4 қыркүйектің 2006 жылы. - Brown University