Мазмұнға өту

Глубокое ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Глубокое ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Глубокое

Ауылдық округтер саны

15

Кенттік әкімдіктер саны

2

Ауыл саны

37

Әкімі

Тумашинов Эльдар Лұқбекұлы[1]

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Глубокое кенті, Попович көшесі, №11а

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°08′45″ с. е. 82°18′25″ ш. б. / 50.14583° с. е. 82.30694° ш. б. / 50.14583; 82.30694 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°08′45″ с. е. 82°18′25″ ш. б. / 50.14583° с. е. 82.30694° ш. б. / 50.14583; 82.30694 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1964

Жер аумағы

7,3 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

56 976[2] адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар (65,72%), қазақтар (29,56%), немістер (1,93%), татарлар (0,87%), украиндар (0,48%), басқа ұлт өкілдері (1,44%)[3]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

16

Глубокое ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Глубокое ауданы

Облыс картасындағы Глубокое ауданы

Глубокое ауданыШығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 7,3 мың км². Орталығы – Глубокое кенті. Аудан 1964 жылы 31 желтоқсанда құрылған.

Географиялық орны, жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан батысында Шемонаиха, шығысында Алтай ауданымен және Риддер қаласымен, оңтүстігінде Ұлан ауданымен және Өскемен қаласымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.

Облыстың солтүстік жағының орталық бөлігінде, Ертіс өзенінің салалары Үбі мен Үлбі өзендері аралығында орналасқан. Ауданның жер бедері өте күрделі. Солтүстік-батыс жағын Үбі мен Үлбі өзендерінің аралығындағы Үбі жотасының батыс бөлігі мен Тікирек (Тигирец) жотасының оңтүстік беткейі және олардың шоқылы сілемдері, ал оңтүстік-батыс жағын Үлбі (Иванов) жотасының батыс бөлігі алып жатыр. Жер беті Ертіс өзенімен және оның салаларымен тілімденген.

1963 жылы 10 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Глубокое өнеркәсіптік ауданы құрылды. Аудан құрамында Глубокое, Белоусовка, Пахотный, Верхнеберёзовский, Первомайский кенттері болды.

1964 жылы 17 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Пахотный кенті ауылдық елді мекен санатына жатқызылып, Лениногорск қалалық кеңесінің әкімшілік қарамағына берілді.

1964 жылы 31 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Глубокое өнеркәсіптік ауданы таратылды; орталығы Глубокое кентінде Глубокое ауданы құрылып, құрамына Шемонаиха ауданының Белокамен, Бобров, Киров, Краснояр, Куйбышев, Малоуба, Северный, Секисов, Ушанов, Фрунзе ауылдық кеңестері мен Верхнеуба ауылдық кеңесінің «Весёловский» кеңшарының аумағы енді.

1965 жылы 21 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Шемонаиха ауданынан Черемшан ауылдық кеңесі берілді.

1972 жылы 28 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Весёлов ауылдық кеңесі құрылды.

1984 жылы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Шешімімен Опытное поле ауылдық кеңесі құрылды.

1985 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Шешімімен Калинин ауылдық кеңесі құрылды.[4]

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Климаты тым континенттік, қаңтар айының орташа температурасы –18°С, шілдеде 20°С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 600 – 700 мм. Жер беті сулары Ертіс өзенінің орталық бөлігі мен оның Оба, Үлбі, Қарақожа, Қызылжар, Глубочанка атты салаларынан және оларға құятын сай-жыралардан тұрады. Аудан жерінде негізінен сұр, карбонатты күңгірт-қызғылт және қызғылт топырақтар, қыратты жерлерде қара және шалғындық топырақтар тараған. Далалы ашық жерлерде жусан аралас селеу, бетеге, қыратты (таулы) өңірде бұта тектес өсімдіктер, қарағай, майқарағай, терек, қайың, шетен аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, аю, сілеусін, түлкі, бұлғын, борсық, бұғы, таутеке, елік, күзен, сарышұнақ; өзен-көлінде су құстары, шабақ, алабұға, шортан, қарабалық және т.б. мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жер аумағы 248,9 мың га, оның 100,4 мың га-сы егістік, 31,6 мың га-сы шабындық, 104,4 мың га-сы жайылым. Аудан жері арқылы Өскемен – Лениногор, Өскемен – Шемонаиха автомобиль жолдары, Өскемен – Локоть т. ж. өтеді. Ертіс өз-мен шағын кемелер қатынайды.

1970 1979 1989[5] 1999 2009[6] 2021
 77294 74406 77305 67329 63581 57533

Тұрғындары 61 948 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 29,27%, орыстар – 65,95%, немістер – 1,96%, татарлар – 0,90%, украиндар – 0,55%, басқа ұлт өкілдері – 2,57%.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

37 елді мекен 2 кенттік, 2 ауылдық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[7]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Алтай ауылдық әкімдігі 2161 1649 76,3 1024 787 76,9 1137 862 75,8
Белоусов кенттік әкімдігі 10524 10019 95,2 5052 4886 96,7 5472 5133 93,8
Берёзов ауылдық округі 1360 1078 79,3 643 541 84,1 717 537 74,9
Бобров ауылдық округі 3161 3165 100,1 1502 1707 113,6 1659 1458 87,9
Быструха ауылдық округі 1691 1367 80,8 854 687 80,4 837 680 81,2
Веселов ауылдық округі 1439 1195 83 721 582 80,7 718 613 85,4
Глубокое кенттік әкімдігі 9652 10677 110,6 4462 5036 112,9 5190 5641 108,7
Ертіс ауылдық округі 5386 4948 91,9 2658 2427 91,3 2728 2521 92,4
Жоғарғы Берёзовка ауылдық әкімдігі 3545 2212 62,4 1692 1082 63,9 1853 1130 61
Кожохов ауылдық округі 2632 2209 83,9 1290 1082 83,9 1342 1127 84
Краснояр ауылдық округі 4655 3843 82,6 2274 1905 83,8 2381 1938 81,4
Малоубинка ауылдық округі 1180 829 70,3 583 407 69,8 597 422 70,7
Опытное поле ауылдық округі 4704 4512 95,9 2214 2156 97,4 2490 2356 94,6
Секисов ауылдық округі 1656 1128 68,1 838 547 65,3 818 581 71
Тарханка ауылдық округі 3748 3713 99,1 1866 1839 98,6 1882 1874 99,6
Ушанов ауылдық округі 2759 2577 93,4 1361 1275 93,7 1398 1302 93,1
Черемшан ауылдық округі 3328 2412 72,5 1643 1170 71,2 1685 1242 73,7
ЖАЛПЫ САНЫ 63581 57533 90,5 30677 28116 91,7 32904 29417 89,4

Пайдалы қазбалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Глубокое ауданының қойнаулары полиметалды рудаларға бай. Қорғасын, мырышпен қатар құрамында алтын, күміс, кадмий, сурьма, мышьяк, темір, күкірт, селен сынап, мыс және басқа да элементтер бар. Өзінің тазалығы жөнінен Березовка, Белоусовка, Ертіс және Ново-Березовка кен орындарының металдары әлемдік стандарттан кем түспейді. Аудан аумағында 23 жерде құрылыс материалдарына қажетті тастар, әктас, кірпіштік топырақ, құрылыс құмдары бар. Гранит, диодориттер мен кварцальбитофирлер құрылыс тастарын өндіретін шикізат ретінде қызмет етеді.

Аудан тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1730 жылы штейгер Иван Чупоршнев бай Березовка кенішін ашты. 1731 жылдан Демидов Невьян заводынан әкелінген жұмысшы кадрлар күшімен бұл телімді пайдалана бастады. Нан мен жарма алыстағы сібір мен орал уездерінен әкелінді. Азық-түлік проблемасын шешу үшін 1760 жылы «Өскмен қамалына орналасу және Уба өзенінің арғы жағына, Ертістің оң жағалауына Березовка, глубокое Улбьба және басқа да Ертіске құятын өзендер жағалауына қамалдар салу мен екі мыңға дейін орыс әкеліп қоныстандыру туралы» Сібір жарлығы шықты.

1761 жыл Глубокоенің туған жылы. Ескі көздердің айтуы бойынша осы жылы Петушок жотасының етегіне Игнатий Губин отбасымен қоныстанған. Глубокое тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты, таулы-завод халқын және Ертіс казактары әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Алғашқы қоныстанушылар әкімшілік есепте өскменде тұрды. Шаруалар міндеттеріне егіншіліктен басқа жолдарды жөндеу мен кеніш жұмыстарына жас жігіттерді қосу болды.

Барлық жүктер атпен тасылды, сондықтан жылқы шаруашылығы дамыды.

1747 жылы Секисовка ауылы пайда болды (Секисовка редутының орнына), 1767 жылы Бобровка пайда болды, 1797 жылы Белоусовка. Глубокое ауданы – Кенді Алтайдағы ара шаруашылығының отаны. 1786 жылы алғашқы аралар Бобровкаға әкелінді, кейін Глубокоеде, Прапорщиковода пайда болды, одан бүкіл Алтайға тарады. Ертіс мыс балқыту зауытының тарихы 1920 жылдарынан басталады, «Лена-Лимитед-Голфилдс» ағылшын компаниясы Глубокое кентінде шағын қорғасын зауытының құрылысын бастады. Зауыт 1931 жылы күзде іске қосылды. Бұл компаниямен келісім-шарт бұзылғаннан кейін орталығы Глубокое кентінде «лена-Банк» Алатай комбинаты құрылды.

1932 жылдың сәуірінде комбинат Ертіс тау-өнеркәсіптік кешен болып қайта құрылды, құрамына Белоусовка мен Березовка кеніштері енді. 1937 жылы 26 мамырда Ертіс мыс балқыту зауыты жұмысын бастады. 1935 жылғы мамырда Глубокое арқылы Рубцовск – Защита темір жол магистралі салынды.

Глубокое жерінен 10 Кеңес Одағының батыры және 19 Социалистік Еңбек Ері шыққан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]