Мазмұнға өту

Гонконг Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Гонконг Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Конфедерация

АФК

Федерация

Гонконг Футбол Федерациясы

Бас бапкері

Лю Чун Фай

Капитаны

Чан Вай Хо

Ең көп
ойын саны

Ли Вай Ман (68)

Үздік
бомбардир

Чан Сиу Ки (36)

Үй стадионы

Гонконг

ФИФА рейтингі

144 (18 мамыр 2018)

ФИФА коды

HKG

Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

 Корея Республикасы 3:3 Гонконг Гонконг
(Манила, Филиппиндер; 2 мамыр 1954)

 Гонконг 15:0 Гуам Гуам
(Тайпей, Тайвань; 7 наурыз 2005)

 Қытай 7:0 Гонконг Гонконг
(Гуанчжоу, Қытай; 17 қараша 2004)
 Гонконг Гонконг 0:7 Парагвай Парагвай
(Гонконг, Қытай; 17 қараша 2010)
 Гонконг Гонконг 0:7 Аргентина Аргентина
(Гонконг, Қытай; 14 қазан 2014)

Гонконг Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол турнирлерінде, жарыстарында Гонконгтың атынан сынға түсетін құрама. Басқарушы ұйым — Гонконг футбол федерациясы.

Құраманың тарихы 50-жылдардан бастау алады. Азия кубогының алғашқы төрт турнирінің үшеуіне қатысты. 1956 жылғы өз елдерінде өткен турнирдің алғашқы матчында Израильді 2:1 есебімен ұтып тұрып, соңында екі гол жіберіп алды. Қалған екі қарсыластарымен (Корея және Оңтүстік Вьетнам) бірдей есеппен (2:2) тең ойнап, үшінші орынға жайғасты. Осы қола медал — құраманың осы күнге дейінгі ең үлкен жетістігі саналады.

1964 және 1968 жылғы турнирлерде 4-орын алды. Бір айта кететіні, осы үш турнирде гонконгтықтар бір матчта да жеңіске жетпепті. 1968 жылдан бері әлі Азия кубогына қатысқан жоқ.

Бұдан басқа елеулі табысы ретінде 2009 жылғы Шығыс Азия ойындарындағы алтын медалді айтуға болады. Жапонияның өзін тізе бүктіріп, тарихтағы тұңғыш рет халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды.

Құрама өз алаңындағы матчтарын 1952 жылы тұрғызылған Гонконг стадионында өткізеді. Бұл елдегі ең ірі стадион, салынған кездегі сыйымдылығы — 40 адам. 1994 жылы реконструкция жасалды да, сыйымдылығы 28 000 адамға кеміді. Бұл жерде футболмен бірге халықаралық регби турнирлері және түрлі концерттер де өткізіледі. Сондай-ақ «Гонконг Пегасус» футбол клубы да өз алаңындағы кездесулерін осында ойнайды.

Бұрынғы атауы — Үкімет стадионы. 1994 жылы Гонконг стэдиум деген атауға ие болды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Азия кубогының қола жүлдегері: 1956
  • Шығыс Азия Ойындарының жеңімпазы: 2009

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]