Гравитациялық сингулярлық
Гравитациялық сингулярлық (ағылш. Gravitational singularity, Уақыт-кеңістік сингулярлығы (spacetime singularity), немесе жай "сингулярлық" - "ерек", "дара", "соңғы") — уақыт-кеңістіктегі ерекше орын болып, Жалпы салыстырмалылық теориясы жорамалы бойынша, ғарыштық дененің гравитациялық өрісі координата жүйесіне тәуелді болмай, шексіз болады. Гравитациялық өрістің күшін өлшеуге қолданатын шамалар уақыт-кеңістік иілімінің скалярлық тұрақтысы (the scalar invariant curvatures) болып, ол материя тығыздығын өлшеуді де қамтиды. Мұндай шамалар сингулярлық шексіз болғандықтан, қалыпты ғарыштық уақыт-кеңістік заңдары бұзылады.[1][2]
Гравитациялық сингулярлық Астрофизика мен космология ғылымдарында Жойқын жарылыс кезіндегі ғаламның алғашқы күйі ретінде сипатталады, сондай-ақ ол негізінен Қара құрдым өзегіндегі щексіз тығыздық ретінде жалпы салыстырмалық жағдайында қарастырылады. Жорамалданған сингулярлық тегі нақты өмір сүретін (Жойқын жарылыстың алғашқы сатысында болған) нәрсе ме деген мәселеде физиктер бір шешімге келе алған жоқ; сондай-ақ сондай асқын (extreme) тығыздықта қандай оқиға болатынын да қазіргі ғылым түсіндіруге қауқарсыз.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Blackholes and Wormholes.
- ↑ Claes Uggla (2006). "Spacetime Singularities". Einstein Online 2 (1002). http://www.einstein-online.info/spotlights/singularities. Retrieved 2015-10-20.