Мазмұнға өту

Грильяж

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Грильяж - балқытылған және аздап күйдірілген карамельден ген қант пен жаңғақ дәні қоспасынан дайындалған кәмпиттер; қант қоңыр түске енгенше табаға күйдіріліп, ұсақталған жаңғақ дәні себіледі де, бірнеше минут араластырылады. Сонан соң қоспа сары май жағылған эмальды табаға не жайпақ фарфор табаққа аударылып, қалыңдығы 2 мм етіліп жазылады. Грильяж салқындамай тұрғанда ұзыншалау кесіліп, таға тәрізді етіп иіледі немесе үш бұрыштап кесіледі. Қоспа тез салқындайды. 2,5 кесе қант пен қант ұлпасы, жаңғақ қажет.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том