Дельфы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дельфы қаласы (Грекия) (гр. Δελφοί) — Грекияның оңтүстік-батысындағы көне қала. Аполлон ғибадатханасы мен көріпкелі бар діни орталық. Қалада бүкілгректік Пифий ойыlндары болған.

1892 жылдан бері жүргізілген қазба жұмыстары барысында: Пифий Аполлонының ғибадатханасы (біздің заманымызға дейінгі 6-4 ғғ.,), сифностықтардың қазынасы (біздің заманымызға дейінгі 525 жылдар шамасы), афинян (біздің заманымызға дейінгі 5 ғасырдың басы), театр (біздің заманымызға дейінгі 2 ғасыр), стадион (біздің заманымызға дейінгі 6 ғасыр) және басқада құрылыстар табылды.

Дельфаның археологиялық қорығы Әлемдік мұралар қорына енгізілген. Археологиялық зерттеулерге сүйенетін болсақ біздің заманымызға дейінгі 1600 жылдан бастап Дельфа халқы Жер Ана культіне байланысты әйел құдайларға сыйына бастаған. 1100 жылдары қоныс құлдырады. Дельфалықтар Бірінші Қасиетті Соғысқа (596 - 586 жж.,) қатысады. Бұл соғыс көрші Крисса қаласына қарсы болған. Нәтижесінде Крисса қирайды.

Пифий ойындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Пифий ойындары» немесе «Пифий» (сонымен қатар «Дельфий ойындары») маңызы жағынан Олимпиада ойындарынан кейінгі екінші ойын түрі. Бастапқыда ойындар әр 8 жыл сайын, ал біздің заманымызға дейінгі 586 жылдан бастап Пифий Аполлонның құрметіне әр 4 жылда өтетін болады.