Мазмұнға өту

Дене массасының индексі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дене массасының индексі, ДМИ (ағылш. body mass index (BMI)) — адамның салмағы мен бойының сәйкестік дәрежесін анықтауға көмектесетін шама. Бұл индекс дене массасының жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды. Емделуге қажеттілікті анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.

Дене массасы индексі келесі формула бойынша анықталады:

,

мұндағы:

  • m — дене массасы, килограмм
  • h — дене бойы, метр

және кг/м² бойынша өлшенеді.

Мысалы, адам массасы = 85 кг, бойы = 164 см. Яғни, бұл жағдайда дене массасының индексі:

ДМИ = 85 : (1,64x1,64) = 31,6

Дене массасының көрсеткіші бельгиялық социолог, әрі статистик Адольф Кетеле тарапынан 1869 жылы дамытылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген кеңестеріне сәйкес ДМИ көрсеткіштерінің келесідей интерпритациясы келтіріледі [1]:

Дене массасы индексі Адамның массасы мен бойының сәйкестігі
16 және одан кем Массаның айқын дефициті
16 — 18,5 Дене массасының жеткіліксіздігі
18,5 — 25 Қалыпты
25 — 30 Дене массасының артықтығы
30 — 35 Бірінші дәрежелі семіздік
35 — 40 Екінші дәрежелі семіздік
40 және одан көбірек Үшінші дәрежелі семіздік

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. WHO :: Global Database on Body Mass Index