Джефферсон (округ, Батыс Виргиния)
Джефферсон округі (ағылшын тілінде Jefferson County) АҚШ-тың Батыс Виргиния штатында орналасқан. 2010 жылғы дерек бойынша, округтің халық саны - 54 504 адам. 1801 жылы 8 қаңтарда құрылған. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның құрметіне орай өз атауын алды.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]АҚШ халық санағы бюросының деректері бойынша,округтің жалпы жер көлемі -550 км², оның ішінде 540 км²-ы - құрғақ жер және 5,2 км²-ы немесе 1,0 %-ы - сулы жер.
Көршілес округтері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Вашингтон (Мэриленд) — солтүстік;
- Лаудон (Виргиния) — шығыс;
- Кларк (Виргиния) — оңтүстік-батыс;
- Беркли (Батыс Виргиния) —солтүстік-батыс.
Демографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2000 жылғы халық санағы бойынша[1], округте 16 165 үй қожалығында 42 190 тұрғын және 11 315 отбасы өмір сүруде. Халық тығыздығы км²-ға 78 адамнан келеді. Округ территориясында 17 623 тұрғын құрылыстары бар, олар км²-ға 32 құрылыстан келеді. Нәсілдік құрамына келер болсақ, ақ түстілер - 91,02%, афроамерикандықтар - 6,09%, байырғы америкалықтар (үндістер) - 0,60%, азиаттар - 0,28 %, гавайлықтар - 0,04%, басқа нәсіл өкілдері - 0,60%, екі не одан көп нәсілден туғандар - 1,37%. Испан тілдіктер халықтың 1,74%-ын құрайды.
Жалпы үй қожалығының 31,90 %-ы - 18 жасқа толмаған балалар, 55,90 %-ы - бірге тұратын ерлі-зайыптылар, 10,00 %-ы - зайыбы жоқ жалғызбасты әйелдер, 30,00 %-ы отбасыларға еш қатысы жоқ, 23,20 %-ы жалғыз адамнан тұрады, 8,50 %-ы - қартайған (65 жастан жоғарылар) әрі жалғыз тұратын адамдар. Үй қожалығының орташа өлшемі -2,54 адам, ал отбасының орташа өлшемі - 2,99 адам.
Округ халқының жас ерекшелігіне тоқталар болсақ, 23,90 %-ы -18 жасқа дейінгілер, 10,00 %-ы - 18 бен 24 жас аралығындағылар, 29,90 %-ы 25 пен 44 жас аралығындағылар, 25,10 %-ы 45 пен 64 жас аралығындағылар, 11,20 %-ы - 65 жастан үлкендер. Округ тұрғындарының орташа жасы - 40. Әр 100 әйелге 97,90 ер адамнан келеді. 18 жастан асқан әр 100 әйелге 95,40 еркектен келеді.
Округтегі үй қожалығының орташа табысы 44 374 USD, отбасның орташа табысы 51 351 USD құрайды. Ер адамның орташа табысы - 35 235 USD, әйел адамның орташа табысы - 26 531 USD. Округтің жан басына шаққандағы орташа табысы - 20 441 USD. Шамамен отбасылардың 7,20 %-ы және жалпы халықтың 10,30%-ы кедейшіліктің шегінде өмір сүреді. Оның ішінде 11,40% жастар (18 жасқа толмағандар) және 65 жастан асқандардың 9,40%-ы да бар.
Ескертпе
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Данные Бюро переписи США по округу Джефферсон (Западная Виргиния) (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 сәуір 2012. Тексерілді, 16 қараша 2009.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Официальный сайт правительства округа Джефферсон, штат Западная Виргиния
- Торговая палата округа Джефферсон, штат Западная Виргиния
- Бюро посетителей округа Джефферсон, штат Западная Виргиния Мұрағатталған 28 қазанның 2005 жылы.
- Департамент развития округа Джефферсон, штат Западная Виргиния
- Исторические достопримечательности округа Джефферсон, штат Западная Виргиния Мұрағатталған 16 қаңтардың 2016 жылы.
- Комитет срочного планирования округа Джефферсон, штат Западная Виргиния Мұрағатталған 27 қазанның 2005 жылы.
- Публичные службы округа Джефферсон, штат Западная Виргиния
- Публичные школы округа Джефферсон, штат Западная Виргиния
- Офис шерифа округа Джефферсон, штат Западная Виргиния
- Ярмарка округа Джефферсон, штат Западная Виргиния
- Фестиваль "Mountain Heritage" округа Джефферсон, штат Западная Виргиния
- Виртуальный тур по округу Джефферсон, штат Западная Виргиния Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2007 жылы.
- Архивная и библиографическая информация по округу Джефферсон, штат Западная Виргиния Мұрағатталған 30 мамырдың 2013 жылы.