Дәріхана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
XIV ғасырдағы дәріхана

Дәріхана (грек тілінен аударғанда ἀποθήκη – «қойма») – дәрілік заттарды өндірумен, ораумен, талдаумен және сатумен айналысатын денсаулық сақтау жүйесінің арнайы мамандандырылған ұйымы. Ең алғашқы дәріхана 754 жылы Бағдатта ашылған. Қазақстанда тұңғыш Дәріхана – 1842 ж. Орал қаласында ашылған.[1]

Дәріхана дәстүрлі түрде денсаулық сақтау мекемесі ретінде қарастырылады және оның қызметі «халыққа фармацевтикалық көмек көрсету» ретінде тұжырымдалады. Фармацевтикалық көмек емдеудің ең тиімді, қауіпсіз және экономикалық тиімді курсын анықтау үшін дәрігер мен науқастың кеңес беру процедурасын қамтиды.

Қызметінің сипаты бойынша жіктелуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өндірістік дәріхана – өндірістік дәріханаларда дәрілік заттар дайындалатын өндірістік үй-жайлар (ассистенттік, жуу, дистилляция (коктория), жәшіктер және т.б.), келушілерге арналған зал бар. Фармацевт-технолог пен фармацевт-аналитиктің бақылауымен фармацевтер мен провизорлар дәрігердің тағайындамасы мен дәрілердің рецептісі бойынша дайындай алады. Соңғысы дайындалған қалыптарға сапалық және сандық талдау жүргізеді. Бірнеше онжылдықтар бұрын ассистент бөлмесінде жұмсақ (жақпа майлар, суппозиторийлер), сұйық (микстуралар, ерітінділер) және қатты (ұнтақтар) қалыптарды дайындағы арналған орындар ажыратылған. Көз тамшылары мен инъекциялық ерітінділер асептикалық бөлме жағдайында дайындалады.

Дайын дәрілік қалыптар дәріханасы – осы типтегі дәріханалар тек өндірістік компаниялардың зауыттарында өндірілген дәрілік заттарды өткізумен айналысады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том