Ерлан Балапанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ерлан Балапанов
Туған күні

1974 (1974)

Туған жері

Алматы

Жұмыс орны

ҚазМұнайГаз - Консалтинг АҚ

Ғылыми дәрежесі

Экономика ғылымдарының кандидаты

Марапаттары


Ерлан Балапанов (1974 жылы Алматыда туған) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1995 жылы — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясында салық салу бөлімінің маманы, аға салық инспекторы.
  • 1996 жылы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының көмекшісі.
  • 1997 жылы — Қазақстан Республикасы Салық полициясы органдарында қызмет.
  • 1998 жылы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі инспекторлық жұмысты үйлесімдеу департаментінің директоры.
  • 1999-2002 жылдары — Алматы қаласы Медеу ауданы салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы.
  • 2002-2004 жылдары — «Price Waterhouse Coopers» салық және құқықтық қызмет көрсету бөлімінің менеджері.
  • 2004 жылы — «ATG» компаниясының вице-президенті.
  • 2004 жылдан — «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ қаржы-экономикалық консалтингі бойынша атқарушы директоры.

Ғылыми және заңгерлік еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 10-нан астам ғылыми басылымдардың авторы.
  • Заңдылық актілерді, солардың ішінде Қазақстан Республикасының «Салықтар және де басқа бюджетке төленетін міндетті төленімдер туралы» кодексін, Қазақстанның кеден кодексін және тағы басқаларын жасауға қатысқан.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық, Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1