Мазмұнға өту

Жалаңтөс батыр Құлықұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жалаңтөс батыр Құлықұлы, Жалаңтөс батыр Жансарыұлы (1698-1771 ж.) (1696-1768) [1]казіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде туып, сол өңірде өмір сүрген. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.

Жалаңтөс батыр Құлықұлы

Жалаңтөс батыр — Балқаш көлінен бастап, Коңырат, Әулие ата, Тоқырауын мен Нұра бойын, Ұлытау мен Қарқаралы аралығындағы сайын даланы қалмақтардан азат етуге қатысады. Жалаңтөстің ерлігі мен шешендігін Қаз Дауысты Қазыбек ерекше бағалаған. Жалаңтөстің артына қалдырып кеткен ақыл-өсиет ізгі тілегі, батасы мол Айтулы ерге оқ тисе, қиналғанын білдірмес» (т. б.). 1996 ж. Ақтоғай ауданының жұртшылығы Жалаңтөстің 300 жылдығын атап өтті.

Мавзолей Жалантос батыра Кулыкулы. Южнее города Караганда. 1996 года постройки

Оның мазары Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысындағы «Сарыарқа» әуежайына баратын үлкен даңғылдың оң жағында, Соқыр өзенінің жағасында Соқыр зиратында орналасқан.[2]

  • 1 әйелі — Тобықты Жуантаяқ Шортан дегеннің қызы, есімі – Жібек.
  • 2 әйелі — Қаз дауысты Қазыбек бидің қызы Маңқан,
  • 3 әйелі — қалмақ батырының жалғыз қарындасы Ақсұлу.[3]
  • Жібектен –
  1. Алтай,
  2. Толыбай,
  3. Әжібай,
  • Маңқадан –
  1. Бәйгел,
  2. Берістен,
  3. Болтай,
  4. Сәрке,
  • Ақсұлудан –
  • ұлдары:
  1. Естай,
  2. Көбен : Үйсінбай,
  3. Рүстем,
  4. Бабатай,
  5. Есет
  • Қыздары: Санат, Шәйра.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://umutker.blogspot.ru/p/blog-page_47.html
  2. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  3. http://ortalyq.kz/2017/08/03/%d0%b6%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d2%a3%d1%82%d3%a9%d1%81-%d1%81%d0%be%d2%9b%d1%8b%d1%80-%d0%b1%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d0%bc%d0%b0%d2%a3%d2%9b%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%bd%d0%b0/ Мұрағатталған 15 қыркүйектің 2017 жылы.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]