Жаргон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жаргон (ағылш. slang; jargon) — әлеуметтiк диалект; айналымдарды ерекше лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық тiлден және сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ меншiктi фонетикалық және грамматикалық жүйемен ие болмайды. Жалпы тіл білімінде жаргон туралы алғашқылардың бірі болып пікір айтқан В.И. Даль. Оның пікірінше, «жаргон» сөзі французша «диалект», «жергілікті сөйлеу» дегенді білдіреді[1].

Қазақ ғалымдарының тіл мәдениеті мен тазалығы мәселесін көтеріп, жаргон сөздерді әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөз деп көрсеткен. М. Балақаев жаргон туралы: «Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер. Бұлар – әдеби тілдің, жалпы тіл мәдениетінің ата жауы. Сондықтан олар әдеби тілдің лексикалық нормалары қатарынан орын алуы мүмкін емес» - деп айтқан[2]. Ғ. Қалиев осы жөнінде өзінің еңбегінде: «Жаргондар көбінесе дворяндық аристократия мен буржуазиялық үстем таптардың, дін адамдардың және чиновниктердің арасында қолданған. Жаргондардың өз алдына сөздік қоры, грамматикалық құрылысы болмайды, олар мұны жалпы халықтық тілден алады, бірақ жалпыхалықтық тілдегідей емес, өз мақсатына қарай өзгертіп, басқаша түрде пайдаланады» - деп жаргондарға өткен замандағы қожа мен молдалардың тіліндегі кездесетін сөздерді жатқызған  «ізім субхан, каф нун, асан, рауилар, рауаят, бәни, шайбан» сынды сөздерді қарапайым халыққа түсініксіз деп мысалға алып отыр [3]. Жаргон – ауызекі сөйлеуден туындайтын, белгілі бір әлеуметтік топтың қолдануымен шектеліп, «бөтеннен жасыру», «өз ортасын қалыптастыру» мен «құпиялығымен» ерекшеленеді.

Әлеуметтік жаргон

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік жаргонды «интержаргон және жалпы жаргон» деп атайды және олардың да бір-бірінен айырмашылықтары да болады. Интержаргон Л.И.Скворцованың пікірі бойынша: «бұл әр түрлі жаргондардың  тілдегі сөздікте қиылысатын бөліктері», дәл осы пікірді  М.А. Грачевта қолдайды[4]. В.Г.Костомаров өзінің еңбектерінде интержаргонды «жастардың ортасында сөйлеу тілінде қолданатын сленгтер ағылшын тілінен алынған сөздер және олар тек ағылшын сөздерін ғана қолданып қоймай, олардың  өмір салты мен сәніне еліктейді. Жаргон бұл ағылшындардың өлеңдері мен фильмларынан алынған сөздер мен сөз тіркестері, оларды өздерінің тіліндегі фонетика мен грамматикаға бейімдеп алады. Әрине, тек ортақ қызығушылығы бар, белгілі бір әлеуметтік топ қана өздерінің ортасында түсінікті етіп қолданады. Жаргон жастарды осылай біріктіреді»[5]. Біздің қоғамда бірнеше әлеуметтік топтар бар. Солардың бірі ұрылар жаргоны: күйіп кету - қолға түсу, карманщик – қалта  ұры, отырғызып кету – алдап  кету, қораға кіргізді – алаяқтып  жасап кету, пирамида – ұрлықтың  бір түрі. Қылмыстық топтың жаргоны: стукач, терпила, хвост, крыса, шестерка, стрелка, бабло, вышка, косяк, рамс-төбелес, мент, козёл – полиция  қызметкерін атауы, левый – заңсыз  іс жасау, братан, пятак, обезьянник, смотрящий, рэкитёр, лох, чмо, очкарик, хромой, горбун, король, жаба, петух Бүгінгі күні жастардың әлеуметтік тобының қатарына әлеуметтік желі немесе ғаламтор жаргоны енді. Бұл жаргондарды ғаламторды пайдаланатын, Whatsapp, Instagram, Tik-Tok, Facebook, Вконтакте сияқты әлеуметтік желі қолданушылары сөйлеу тілінде қолданады: инет – ғаламтор, ньюс – жаңалықтар, статус – ватсап желісінде сурет салатын орын, аккаунт, профиль – қолданушының парақшасы, тренд – әлеуметтік желідегі соңғы шыққан үлгілер, рек – Тик-ток желісіндегі танымалдық, сторис – инстаграм желісіндегі сурет пен бейнеролик салатын орын. Әр түрлі әлеуметтік топтардың тілі жастардың сөздік қорын толықтырудың  негізгі арнасы болады. Жастар жаргоны – барлық әлеуметтік топтардың сөздерін бір ортаға біріктереді. Жастар жаргонының тағы да бір ерекшелігі оның алғаш пайдан болған сөздерді пайдала отырып, олардың синонимдерін табу. Көрікті, сұлу, әдемі деген сөздер тілімізде бұрыннан қалыптасып келіп, ол сөзді жастар соска дегенге айырбастаса, бүгінде ол сөздердің орнына краш, крашиха деген сөздерді қолданып жүр. Жаргондардың құпиялығы мен өзгелерден жасыруынан сөздерді синонимдермен алмастырудан бөлек, олардын мән-мағынасын өзгертіп қолдануы да бар: күшті, керемет, күлкілі дегеннің орнына ништяк, улёт, угар деп айтуы.[6]

Жаргондардың түрлерi

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Әскери жаргон
  • Журналисттiк жаргон
  • Компьютер сленгi
  • Ойын жаргон
  • Студенттік жаргон
  • Радиоәуесқой жаргоны
  • Қылмыстық жаргон

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка – Т1., М.: Изд.: «Т-во М.О. Вольф», 1955. – 699 с.
  2. Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 601 б.
  3. Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясының мәселесі. – Алматы, 1960. – 196 б.
  4. Скворцов Л.И.  Арго. Жаргон // Русский язык. Энциклопедия. – М., 1979.
  5. Костоморов В.Г. Языковой вкус эпохи. Из наблюдений над речевой практикой масс-медиа. – М.: Изд.: «Златоуст», 1994. – 320 с.
  6. Амангельді Аружан Жақыпжанқызы Жастар тіліндегі жаргон сөздердің әлеуметтік - лингвистикалық сипаты, Дипломдық жұмыс, - Астана, 2022