Жильбер Лафайет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жильбер Лафайет
Туған кездегі есімі

Мари Жозеф Поль Ив Рош Жильбер дю Мотье

Туған күні

1757 жыл 6 қыркүйек

Туған жері

Шаваньяк (Канталь)

Қайтыс болған күні

1834 жыл 20 мамыр

Қайтыс болған жері

Париж

Азаматтығы

 Франция

Қызметі

француз саяси және әскери қайраткері

Мари Жозеф Поль Ив Рош Жильбер дю Мотье, маркиз де Ла Файет (фр. Marie-Joseph Paul Yves Roch Gilbert du Motier, marquis de La Fayette; 1757 жыл 6 қыркүйек, Шаваньяк (Канталь) - 1834 жыл 20 мамыр, Париж) - француз саяси қайраткері.

Саяси өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1777 жылы Солтүстік Америкаға барып, Англия тағына қарсы шыққан көтерілісшілер күресіне қатысты. Америка әскерінің генералы атағын алды. Францияға келген соң, 1789 жылы Генералдық штатқа депутат болды. Бастилия алынған күннің ертеңінде (1789 жылдың 14 шілдесі) ұлттық гвардия қолбасшысы болып тағайындалды. Кейін Лафайет революцияның одан әрі дамуына кедергі жасауға тырысты. Реставрация жылдарында ол либерал-буржуазиялық оппозиция басшыларының бірі болды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том