Жулио Сезар
Жулио Сезар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Жулио Сезар Соарес Эспиндола | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні |
3 қыркүйек 1979 (45 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
186 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
қақпашы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жулио Сезар Соарес Эспиндола (порт. Júlio César Soares Espíndola; 3 қыркүйек 1979[1], Дуки-ди-Кашиас, Рио-де-Жанейро штаты, Бразилия) — бразилиялық футболшы, қақпашы.
Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клубтық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карьерасын "Фламенго" клубында бастап, осы клубта аяқтады. 2004 жылы Еуропаға келіп, миландық "Интернационале" сапына қосылғанымен, командадағы легионер лимиті артып кетіп, Жулио "Кьевоға" жалға кетті. Бірақ бір маусым бойы бір рет те алаңға шықпай, "Интерге" қайта оралды. Командадағы Франческо Тольдо спортпен қоштасқан соң Жулио негізгі қақпашыға айналды. 2010 жылы "Интер" чемпиондар лигасын ұтып алды да, Жулио Сезар турнирдің үздік қақпашысы атанды.
2010 жылы команда бапкерлігінен Жозе Моуриньо кеткен соң "Интердің" ойын деңгейі түсіп кетті де, белді футболшылардың көбі басқа командаларға ауысты. Жулио да "Куинз Парк Рейнджерске" өтті.
Кейін Канаданың "Торонто", Португалияның "Бенфика" клубтарында ойнап, 2018 жылы "Фламенгоға" қайта оралды. Ұзақ ойнаған жоқ, екі рет алаңға шықты да, футболмен қоштасатынын мәлімдеді.
Ұлттық құрамада
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бразилия құрамасы сапында 2004 жылы 8 шілдеде тұңғыш рет алаңға шықты. Біраз жылдарға дейін негізгі құрамға Диданың көлеңкесінде қап шыға алмай жүрді де, Дида кеткен соң құраманың тұрақты қақпашысына айналды.
2014 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен соң 35 жастағы Жулио құрамамен қоштасты. Құрама сапында барлығы 87 ойын өткізді. 2010, 2014 жылдары әлем чемпионатына, 2009, 2013 жылдары Конфедерациялар кубогына, 2004, 2011 жылдары Азия кубогына қатысты.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Командалық
- «Фламенго»
- Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (4): 1999, 2000, 2001, 2004
- Бразилия чемпиондар кубогы: 2001
- Меркосур кубогы: 1999
- Гуанабара кубогы (3): 1999, 2001, 2004
- Рио кубогы: 2000
- «Интернационале»
- Италия чемпионы (4): 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10
- Италия кубогы (3): 2006, 2010, 2011
- Италия суперкубогы (4): 2005, 2006, 2008, 2010
- Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2010
- Чемпиондар лигасы: 2010
- «Бенфика» (Лиссабон)
- Португалия чемпионы (3): 2014/15, 2015/16, 2016/17
- Португалия кубогы: 2016/17
- Португалия лига кубогы(2): 2014/15, 2015/16
- Португалия суперкуогы (2): 2016, 2017
Бразилия
- Америка кубогы: 2004
- Конфедерациялар кубогы (2): 2009, 2013
Жеке
- Чемпиондар лигасының үздік қапашысы: 2010
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 3 қыркүйекте туғандар
- 1979 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Дуки-ди-Кашиаста туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Бразилия футболшылары
- Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Фламенго ФК ойыншылары
- Интернационале ФК ойыншылары
- Кьево ФК ойыншылары
- Куинз Парк Рейнджерс ФК ойыншылары
- Бенфика ФК ойыншылары
- Торонто ФК ойыншылары
- Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары