Жәйрем
Кент | |
Жәйрем | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Кенттік әкімдік орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Кенттік әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
48°19′55″ с. е. 70°09′51″ ш. б. / 48.33194° с. е. 70.16417° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°19′55″ с. е. 70°09′51″ ш. б. / 48.33194° с. е. 70.16417° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1951 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
9 175[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
20 |
Жәйрем шекарасы
|
Жәйрем – Ұлытау облысы Қаражал қалалық әкімдігіне қарасты кент, Жәйрем кенттік әкімдігі орталығы. Қаражал қаласының солтүстік-батысында 65 км жерде орналасқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1951 жылы ашылып, 1964 жылдан барланып, 1976 жылдан өнім бере бастаған Жәйрем барит-полиметалл және темір-марганец кен орындар тобының игерілуіне байланысты пайда болды (Жәйрем, Үшқатын, Жомарт, т.б.). 1972 жылы кентке айналды.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұрғыны 9,9 мың адам (1999).
Кәсіпорындар, инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жәйремде “ENRC” тобы басқаратын “Жәйрем кен-байыту комбинаты” акционерлік қоғамы, “Жәйрем құрылыс-монтаж басқармасы” “Жәйремнан” серіктестігі, “Жәйремкөлік” акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оқу-ағарту, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттерді өтейтін мекемелер бар. Жәйрем арқылы Түгіскен — Қаражал — Жамбыл автомобильдік жолы өтеді. Сарысу — Жәйрем темір жол тармағы арқылы Жәйрем - Қарағанды — Сейфуллин — Жезқазған темір жолдарына қосылған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|