Забайкалье өлкесі
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Забайкалье өлкесі | |||||
| |||||
Елордасы |
Чита | ||||
13-орында | |||||
Барлығы |
431,892 км² | ||||
Барлығы |
▼992,429[1] (2023) 2,3 адам/км² | ||||
Барлығы, ағым. баға |
326,9 млрд руб. (2018) 305,7 мың руб. | ||||
Қиыр Шығыс | |||||
Батыс Сібір | |||||
орысша | |||||
Губернаторы |
Александр Осипов | ||||
75 | |||||
RU-ZAB | |||||
MSK+6 (UTC+10) | |||||
Ресми сайты: |
75.ru право.забайкальскийкрай.рф |
Забайкалье өлкесі (орыс. Забайкальский край, сөзбе-сөз аударғанда Күнгей Байкал өлкесі, бур. Үбэр Байгалай хизаар) — Ресей Федерациясы субъектілерінің бірі, өлке, Сібір федералды округіне жатады.
Забайкалье өлкесінің әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы — Чита қаласы. Халық саны 992,429 адам[1] болып келетін бұл субъекттің жер ауданы 431,892 км² тең.
Бұл аймақ 2008 жылдың 1 наурызында Чита облысы мен Агин-Бурят автономиялы округінің бірігуі нәтижесінде 2007 жылдың 11 наурызында өткен референдумнан кейін құрылды. 2018 жылы аймақ Қиыр Шығыс федералды округінің құрамына кірді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Агин-Бурят автономиялы округі мен Чита облысын біріктіру бойынша алдын-ала жұмыс 2006 жылдың сәуірінде аймақтық билік деңгейінде басталды. Агин-Бурят автономиялы округі әкімшілігінің басшысы Баир Жамсуев, Чита облысының губернаторы Равиль Гениатулин, аймақтық парламенттердің басшылары Анатолий Романов пен Даши Дугаров Ресей президенті Владимир Путинге хат жолдап, 2006 жылдың 17 қарашасында бұл бастаманы ол да қолдады.[2] Біріктіру туралы референдум 2007 жылғы 11 наурызда өтті.
2008 жылдың 1 наурызында Агин-Бурят автономиялы округі мен Чита облысы референдумы негізінде Забайкалье өлкесі құрылды.
Агин-Бурят автономиялы округінде сайлаушылардың 94% бірігуді қолдап (38,814 сайлаушы), 5,16% (2129 сайлаушы) қарсы дауыс берді. Референдумға округ сайлаушыларының 82,95% қатысты.[3]
Чита облысында бірігуді қолдағндар 90,29% (535,045 сайлаушы) жетсе, қарсы шыққандар 8,89% (52,698 сайлаушы) болды. Референдумға облыс сайлаушыларының 72,82% қатысты.[4]
2007 жылы 23 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин субъектілердің бірігуі жайлы конституциялық заңға қол қойды. Оны Мемлекеттік дума 2007 жылдың 5 шілдесінде қабылдады және Федерация Кеңесі сол жылдың 11 шілдесінде оны бекітті.
2018 жылдың 3 қарашасында Забайкалье өлкесі Қиыр Шығыс федералды округіне, 2019 жылы Қиыр Шығыс экономикалық ауданына (бұған дейін Шығыс Сібір экономикалық ауданының бөлігі болған) берілді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2010 жылғы санақ бойынша Забайкалье өлкесі халқының ұлттық құрамы:[5]
№ | Ұлт | Халық саны | % |
---|---|---|---|
1 | Орыстар | 977,400 | 89.9 |
2 | Буряттар | 73,941 | 6.8 |
3 | Украиндар | 6,743 | 0.6 |
4 | Татарлар | 5,857 | 0.5 |
5 | Армяндар | 3,943 | 0.3 |
6 | Әзербайжандар | 2,045 | 0.3 |
Саясаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ең жоғары лауазымды тұлға — Забайкалье өлкесінің губернаторы, ол сонымен қатар Забайкалье өлкесі үкіметінің төрағасы. Губернатор 5 жыл мерзімге Забайкалье өлкесінің аумағында тіркелген Ресей азаматтарының тікелей дауыс беруімен сайланады.
Биліктің өкілді органы — Заң шығарушы жиналысы, ол 5 жылға сайланатын 50 депутаттан тұрады.
2019 жылдың 8 қыркүйегінде өлкенің төртінші губернаторы сайланды. Ол — партиясыз Дондағы Ростов тумасы Александр Михайлович Осипов.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Численность постоянного населения Российской Федерации по муниципальным образованиям на 1 января 2023 года (с учётом итогов Всероссийской переписи населения 2020 г.) (орыс.) (1 января 2023). Тексерілді, 9 шілде 2023.
- ↑ Путин поддержал образование Забайкальского края (орыс.) (17 ноября 2006). Тексерілді, 11 шілде 2023.
- ↑ Референдум Агинского Бурятского автономного округа по вопросу объединения Агинского Бурятского автономного округа и Читинской области в новый субъект Российской Федерации-Забайкальский край (орыс.) (11 марта 2007). Тексерілді, 11 шілде 2023.
- ↑ Референдум Читинской области по вопросу объединения Читинской области с Агинским Бурятским автономным округом в новый субъект Российской Федерации - Забайкальский край (орыс.) (11 марта 2007). Тексерілді, 11 шілде 2023.
- ↑ Архивированная копия (орыс.). Тексерілді, 11 шілде 2023.