Зәрағар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Органдарының жайы, несеп шығару жүйесінің (бүйректің, несепағардың, қуықтың, зәр өзегі)

Зәрағар немесе Несепағар (лат. ureter) — бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше (несепағар деп те аталады). Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар — несеп-жыныс қатпарының құрамында қуықтың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғаштала еніп, 3-5 см-дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық қуысына ашылады.

Ересек адамдарда оның диаметрі 6-8 мм, ұзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады. Несепағардың қабырғасы түтікше мүше ретінде: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Несепағардың ішкі — кілегейлі қабығы екі қабаттан: ішкі — көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителийден және сыртқы — борпылдақ дәнекер ұлпалы өзіндік тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады. Несепағардың ортаңғы — етті қабығы үш қабаттан құралған. Олар: ішкі — ұзынша қабат, ортаңғы — сақинаша қабат және сыртқы — ұзынша қабат. Бұлар — бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер қабаттары. Сыртқы — сірлі қабығы: ішкі — борпылдақ дәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы — мезотелийден (бірқабатты жалпақ эпителийден) құралған. Несепағардың қуыққа ашылатын төменгі бөлігіиің сыртқы қабығы — адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9