Иминдер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Иминдердің құрамы (көкпен боялған)

Иминдер — құрамында имин тобы NН бар органикалық қосылыстар. Иминдердің жалпы формуласы: R1R2C=NR3, бұл формулада R1, R2 — H, Alk, Ar және R3 — азот атомына байланысқан H, Alk, Ar. R2 орнында H тұрған иминдерді альдиминдер деп атайды; олардың құрылымы альдегидтерге ұқсайды. R1, R2 орындарында Alk немесе Ar тобы тұрған иминдер кетондарға ұқсас болып, кетиминдер деп аталады.

IUPAC-та -имин суффиксі C=NH (көміртек атомысыз) тобын белгілеу үшін қолданылады[1].

Алу жолдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Карбонил тобы бар қосылыстар біріншілік аминдермен əрекеттесіп, иминдер түзеді[2]:

Басқа әдістердің бірі — нитрилдің Гриньяр реактивімен реакциясы[3]:

C6H5CN + C6H5MgBr → (C6H5)2C=NMgBr
(C6H5)2C=NMgBr + H2O → (C6H5)2C=NH + MgBr(OH)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. imines // IUPAC Gold Book
  2. Бруис П. Ю. Органикалық химия негіздері. 2-бөлім = Essential Organic Chemistry — 2. — Алматы: Экономика, 2014. — Б. 73. — 500 б. — ISBN 978-601-225-728-1.
  3. Pickard, P. L.; Tolbert, T. L. (December 1961). "An Improved Method of Ketimine Synthesis" (in EN). The Journal of Organic Chemistry 26 (12): 4886–4888. doi:10.1021/jo01070a025. ISSN 0022-3263.