Ируканджи медузасы
Ируканджи медузасы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Carukia barnesi
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Carukia barnesi Southcott, 1967 |
Ируканджи медузасы ( лат. Carukia barnesi, Carukia shinju, Malo kingi, Alatina mordens, Alatina moseri т.б.) - омытқасыз жануарлардың ішекқуыстыларға жататын су жәндігі. Өз атауын Ируканджи аустралиялық тайпасының атымен алған.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ируканджи медузасы кезінде Тынық мұхитының Аустралиялық аймағында тіршілік еткен. Бірақ жаһандық жылынуға байланысты қазір дүниежүзіндегі мұхиттардың көптеген бөліктеріне тарап кетті.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ересек дарасының дене тұрқы 12 мм х 25 мм шамасындай. 4 ұзын жеңішке түссіз ұзындығы 1 м-ге дейін жететін щупальцелері болады. Олардың үстінде улы бездер бар. Ируканджилердің тіршілігі мен уы әлі толық зерттелмеген, адамдар олар туралы аз біледі. Ируканджидің денесі өте нәзік. Сондықтан оны аквариумды асырауға болмайды. Медузалар бір орнынан қозғалмай суда бірқалыпты қалықтап тұрады. Сырттай нәзік те талдырмаш болып көрінбеген, Ируканджи медузалар қауіпті жыртқыштар.
Ируканджи медузасы шаққанда ируканджи синдромы деп аталатын бірнеше ауру түрлері белгі береді. Кей жағдайда соңы өлімге апарады. Академик Гюго Флекер оны1962 жылы ируканджи деген австралиялық тайпаның құрметіне атады. Ируканджи ересегінің дене тұрқы тігінен 12мм, ұзынынан 25мм, пішіні кішігірім ақ қоңырауға ұқсайды. Бірнеше мм ден бір метрге дейін өсетін төрт жіңішке қармалауышы болады. Қармалауыштар күйдіргіш жасушалардан тұрады.