Италия Ұлттық футбол құрамасы
Италия Ұлттық футбол құрамасы | ||||
Лақап аты |
Squadra Azzurra (Көгілдір көкжалдар) | |||
---|---|---|---|---|
Конфедерация | ||||
Федерация | ||||
Бас бапкері | ||||
Капитаны | ||||
Ең көп ойын саны |
Джанлуиджи Буффон (176) | |||
Үздік бомбардир |
Джиджи Рива (35) | |||
ФИФА рейтингі |
16 (12. 04. 2018) | |||
ФИФА коды |
ITA | |||
Формасы | ||||
| ||||
Мажарстан 7 - 1 Италия | ||||
Қатысу |
17 (бірінші 1934) | |||
Жетістіктері | ||||
Еуропа чемпионаты | ||||
Қатысу |
9 (бірінші 1968) | |||
Жетістіктері | ||||
Италия Ұлттық футбол құрама командасы (итал. Nazionale di calcio dell'Italia) Италияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Итальян футбол федерациясының қол астында бақылауда болады. Федерация 1905 жылдан бастап ФИФА мүшесі болса, 1954 жылдан бастап УЕФА мүшесі болып табылады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық құраманың алғашқы матчы 1910 жылы 15 мамырда Милан қаласында Францияға қарсы өткізілді. Ойын 6:2 есебімен италиялықтардың пайдасына шешілді. 1928 жылы тұңғыш рет Жазғы Олимпиада (Ойындар Амстердамда өтті) чемпионы атанды. Бұл табысын сегіз жылдан соң Берлинде тағы қайталады.
Құрама 1930 жылғы тұңғыш әлемдік мундиальға жолды алыссынып қатыспады. Ал, 1934 жылы белгілі диктатор Бенито Муссолинидің араласуымен Әлем Чемпионаты Италияда өтті. Бір қызығы, турнир қожайыны болса да, іріктеу ойындарына қатысып, Грекияны 4:0 есебімен ұтты да, финалдық турнирге жолдама алды. Әйгілі аңыз-бапкер Витторио Поццо баптаған құрама финалда Чехословакия құрамасын 2:1 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Арада төрт жыл өткен соң тағы сол Витторио Поццо жаттықтырған құрама екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұл жолғы турнир Францияда өтті. Бұл жолғы жүлде оңайға түспеді: ә дегеннен оларға Норвегия футболшылары қатты қарсылық көрсетіп, қосымша уақытта әзер ұтты, келесі қарсылас — алаң иелері Франция болатын. Оларды да 3:1 есебімен ұтып, жартылай финалда турнирдің жалғыз "еуропалық емес" қатысушысы Бразилиямен кездесті. 2:1 есебімен жеңіске жеткен италиялықтар финалда Венгрия құрамасын ұтты — 4:2. Осылайша тарихта қатарынан екі рет әлемдік додада топ жарған тұңғыш құрама атанды. Кейін бұл жетістікті 1958-62 жылдары Бразилия қайталады.
Бұдан кейінгі әлемдік турнир 1950 жылы өтті. Бірақ бұл жолы да, бұдан кейінгі чемпионаттарда да Италия құрамасы жарқырай алмады. Тек жетпісінші жылдары ғана әлемдік элитаға қайта көтеріле алды. 1968 жылғы Еуропа чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді. Арада екі жыл өткен соң Мексикадағы Әлем чемпионатында финалға шығып, Бразилиядан 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.
1974 жылғы турнирде топтық турнирден шыға алмады. 1978 жылы үшінші орын үшін таласта тағы да Бразилиядан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ 1982 жылғы чемпионатта Бразилиядан есе қайырып, оларды жартылай финалға барар жолда 3:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында осыған дейінгі матчтарда бір гол да соқпаған Паоло Росси хет-трик жасады. Паоло Росси Польшамен өткен жартылай финалдық матчта да екі гол соқты, сосын финалда Германияның қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Осылайша ол Италия үшін қатарынан алты гол соғып, чемпионаттың сұрмергені атанды. Финалда 3:1 есебімен ұтқан Италия үшінші рет әлем чемпионы атанды.
Араға 24 жыл салып, осы жетістігін қайталады. 2006 жылы Германияда өткен чемпионатта тек екі матчта ғана тең ойнап, қалған ойындарда түгел жеңіске жетті.
2012 жылғы Еуропа чемпионатында финалға дейін жетіп, Испаниядан 0:4 есебімен ойсырай ұтылып қалды.
2014 жылғы әлем чемпионатында топтан шыға алмады, ал 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама беретін шешуші матчта Швециядан өте алмай, 1958 жылдан бері бірінші рет Әлемдік додадан сырт қалды.
Қызықты фактілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1974-1990 жылдары қатарынан бес Әлем чемпионатында Аргентина құрамасымен кездескен.
Ит жылдары өткізілген Әлем Чемпионаттарында тек Италия мен Бразилия чемпион атанып келген: 1934, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006. Бұл дәстүр 2018 жылы ғана бұзылды.
Атақты футболшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Джино Колаусси
- Сандро Маццола
- Роберто Бонисенья
- Таркизио Бургнич
- Антонио Конте
- Алессандро Альтобелли
- Паоло Росси
- Сальваторе Скиллаччи
- Дино Дзофф
- Франко Каузио
- Паоло Мальдини
- Роберто Баджо
- Алессандро Дель Пьеро
- Джанлуиджи Буффон
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әлем чемпионы: 1934, 1938, 1982, 2006
- Әлемнің күміс жүлдегері: 1970, 1994
- Әлемнің қола жүлдегері: 1990
- Еуропа чемпионы: 1968, 2021
- Еуропаның қола жүлдегері: 2000, 2012
- Олимпиада чемпионы: 1936
- Олмипиаданың қола жүлдегері: 1928, 2004
- Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2013
Ойыншылар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі құрам
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігіне келесі 26 ойыншы таңдалды[1].
№ | Қақпашылар | Туған күні | Клубы |
---|---|---|---|
1 | Сальваторе Сиригу | 12 қаңтар 1987 | Торино |
21 | Джанлуиджи Доннарумма | 25 ақпан 1999 | Милан |
26 | Алекс Мерет | 22 наурыз 1997 | Наполи |
№ | Қорғаушылар | Туған күні | Клубы |
2 | Джованни Ди Лоренцо | 4 тамыз 1993 | Наполи |
3 | Джорджо Кьеллини | 14 тамыз 1984 | Ювентус |
4 | Леонардо Спинаццола | 25 наурыз 1993 | Рома |
13 | Эмерсон Палмери | 3 тамыз 1994 | Челси |
15 | Франческо Ачерби | 10 ақпан 1988 | Лацио |
19 | Леонардо Бонуччи | 1 мамыр 1987 | Ювентус |
23 | Алессандро Бастони | 13 сәуір 1999 | Интернационале |
24 | Алессандро Флоренци | 11 наурыз 1991 | Пари Сен-Жермен |
25 | Рафаэл Толой | 10 қазан 1990 | Аталанта |
№ | Жартылай қорғаушылар | Туған күні | Клубы |
5 | Мануэль Локателли | 8 қаңтар 1998 | Сассуоло |
6 | Марко Верратти | 5 қазан 1992 | Пари Сен-Жермен |
7 | Гаэтано Кастровилли | 17 ақпан 1997 | Фиорентина |
8 | Жоржиньо | 20 желтоқсан 1991 | Челси |
12 | Маттео Пессина | 21 сәуір 1997 | Аталанта |
16 | Бриан Кристанте | 3 наурыз 1995 | Рома |
18 | Николо Барелла | 7 ақпан 1997 | Интернационале |
№ | Шабуылшылар | Туған күні | Клубы |
9 | Андреа Белотти | 20 желтоқсан 1993 | Торино |
10 | Лоренцо Инсинье | 4 маусым 1991 | Наполи |
11 | Доменико Берарди | 1 тамыз 1994 | Сассуоло |
14 | Федерико Кьеза | 25 қазан 1997 | Ювентус |
17 | Чиро Иммобиле | 20 ақпан 1990 | Лацио |
20 | Федерико Бернардески | 16 ақпан 1994 | Ювентус |
22 | Джакомо Распадори | 18 ақпан 2000 | Сассуоло |
Жеке рекордтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойыншылардың рекордтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көп матч өткізген ойыншылар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2021 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша Италия құрамасында ең көп ойын көрсеткен ойыншылар:[2]
# | Аты-жөні | Ойын | Гол | Жылдар |
---|---|---|---|---|
1 | Джанлуиджи Буффон | 176 | 0 | 1997–2018 |
2 | Фабио Каннаваро | 136 | 2 | 1997–2010 |
3 | Паоло Мальдини | 126 | 7 | 1988–2002 |
4 | Даниэле де Росси | 117 | 21 | 2004–2017 |
5 | Андреа Пирло | 116 | 13 | 2002–2015 |
6 | Дино Дзофф | 112 | 0 | 1968–1983 |
7 | Джорджо Кьеллини | 109 | 8 | 2004–қазіргі уақытқа дейін |
8 | Леонардо Бонуччи | 105 | 7 | 2010–қазіргі уақытқа дейін |
9 | Джанлука Дзамбротта | 98 | 2 | 1999–2010 |
10 | Джачинто Факкетти | 94 | 3 | 1963–1977 |
Қарамен жазылған ойыншылар ұлттық футбол құрамасында әлі де белсенді.
Мергендер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2021 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша Италия құрамасында ең көп гол соққан ойыншылар:[3]
# | Ойыншы | Гол | Ойын | Арақатынас | Кезең |
---|---|---|---|---|---|
1 | Луиджи Рива | 35 | 42 | 0.83 | 1965–1974 |
2 | Джузеппе Меацца | 33 | 53 | 0.62 | 1930–1939 |
3 | Сильвио Пиола | 30 | 34 | 0.88 | 1935–1952 |
4 | Роберто Баджо | 27 | 56 | 0.48 | 1988–2004 |
Алессандро Дель Пьеро | 91 | 0.3 | 1995–2008 | ||
6 | Адольфо Балончери | 25 | 47 | 0.53 | 1920–1930 |
Филиппо Индзаги | 57 | 0.44 | 1997–2007 | ||
Алессандро Альтобелли | 61 | 0.41 | 1980–1988 | ||
9 | Кристиан Вьери | 23 | 49 | 0.47 | 1997–2005 |
Франческо Грациани | 64 | 0.36 | 1975–1983 |
Қарамен жазылған ойыншылар ұлттық футбол құрамада әлі де белсенді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Италия құрамасының 1910 жылдан бергі матчтары(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ In attesa della lista per l’Europeo Mancini chiama 28 Azzurri: domani il raduno a Roma (итал.). Итальянская федерация футбола. (30.5.2021). Тексерілді, 30 мамыр 2021.
- ↑ Italy – Record International Players: Appearances for Italy National Team. RSSSF (8 April 2016).
- ↑ Classifica marcatori (итал.). FIGC.
|