Мазмұнға өту

Итжидек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Итжидек

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Solanales
Тұқымдасы: Solanaceae
Кіші тұқымдасы: Solanoideae
Тайпасы: Hyoscyameae
Тегі: Atropa
Түрі: A. belladonna
Екі-есімді атауы
Atropa belladonna
Карл Линней

Итжидек (лат. Atropa belladonna) – алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық жарық сүйгіш, шөптесін өсімдік.

Негізінен, Британ аралдары мен Франция, Испания және Балкан түбегінің cолтүстік, сондай-ақ, Кіші Азия түбегінің ылғалды, борпылдақ топырақты жерлерінде, ал Қазақстанның таулы аудандарында кездеседі, Жамбыл, Түркістан облысында қолдан өсіріледі. Сабағы дара, тік сыртын қалың бездер жапқан. Биіктігі 0,6 – 2 м. Жапырағы үлкен. Жапырақ қойнауынан дара гүлдері жетіледі. Гүлінің жоғарғы бөлігі қоңыр күлгін, кейде сарғыш. Маусымшілде айларында гүлдеп, тамызқыркүйекте жемістенеді. Жемісі қара, жидегі жылтыр, шиеге ұқсас. Итжидектің құрамында алколоидтар (атропин, гиоциамин, т.б.) және улы заттар болады. Жапырағы мен тамырынан экстракт пен тұндырма дайындайды. Итжидекті медицинада, ветеринарияда дәріге пайдаланады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Түркістан облысының энциклопедиясы, 4-том
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2