Кая (тайпалық одақ)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кая (тайпалық одақ)
Үйрек түріндегі сазды ыдыстар, V немесе VI ғасыр
Хангыль 가야
Ханча 加耶 немесе 伽倻
Маккьюн —
Райшауэр
Gaya
Жаңа романизация Kaya

Кая (кор. 가야) — Кореяның оңтүстік бөлігіндегі Нактонган өзенінің алабында орналасқан корей тайпаларының одағы. Кая Пёнхан конфедеренциясынан шығып кетіп, уақыт өте келе Силла құрамына енген.

Кая және V ғасырдың соңындағы көршілес мемлекеттер.

Корей тілінің Қытай тіліне әр түрлі транскрипциясы болғандықтан, кейбір тарихи жәдігерлерде бұл одақтың Кая (가야; 加耶, 伽耶, 伽倻) деген атауынан бөлек Карак (가락; 駕洛, 迦落), Кара (가라; 加羅, 伽羅, 迦羅, 柯羅), Карян (가량,加良) и Куя (구야, 狗耶) деп аталуы мүмкін. .

Самгук Юсадағы аңызға сүйенетін болсақ, 42 жылы аспаннан 6 жұмыртқа түсіп, одан жарып шықан 6 ұл бала 12 күн ішінде ерейген деседй. Олардың бірі Суро (Кая), Кымгван Каяның негізін салушы королі болса, қалған бесеуі Кая одағын құраған бе басқа мемлекет құрған: Тэкая, Сонсан Кая, Ара Кая, Корён Кая және Сокая.

Тарих бойынша Кая Пёнхан конфедеренциясы деп аталған он екі тайпалық одақтан шыққан.

Саяси құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әр түрлі тарихи жәдігерлер Каяның құрам бөліктері туралы әр түрлі мәліметтер жазады. Мысалға «Корё Сарякта» (고려사략; 高麗史略) бесеуі аталған: Кымгван Кая, Корён Кая, Пихва Кая, Ара Кая және Сонсан Кая.

Конфедерецияның негізгі қаласы қазіргі Кимхэ болған. Алты-жетінші ғасырларды одақ орталығы Тэкаяға (Корён уездінің ауданы) көшіріледі. Тэкаяны 562 жылы Силла мемлекеті басып алады.

Конфедерация Жапониядағы Кисю аралының патшаларымен тығыз байланыста болды.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]