Мазмұнға өту

Кемер белбеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қоңыр кемер белбеу.

Кемер белбеу — қыздар мен әйел адамдар буынатын белбеу. Оның былғары немесе барқыт жолағына металл шытырлар қондырып көбіне күмістен соққан. Қыздардың киіміндегі бұл ерекшелік жалпыға бірдей әйел киім-кешегінде қайталанбаған. Маусымньң суық кездерінде барқытпен тысталған пұшпақ iшік киіп, белдікпен қаусырынатын болған. Кемер белбеу кice белбеуге қарағанда анағұрлым жалпақ әpi әшекейлеп нақышталуы күрделірек болып келген. Кемер белбеуге бағдарлап қарала салу, лажы жүргізу, жапсырмаларына асыл тастардан көз салу, күмбездеп ширата жүргізу сияқты күрделі техникалық тәсілдер қолданатындықтан, олардың көркемдік сапасы әрдайым жоғары болған. Сондықтан халық:

«Кемер белбеу белге сән,

Кемелді жігіт елге сән», - деп текке айтпаған.

Кемер белбеулердің екі ұшы қақталып күміс жалатылған жалпақ, топсалы қапсырмалы болып келген. Сонымен қорыта келгенде, қазақ белбеуін жасалган материалдарына, безендірілуіне, қосалқы бөліктерінің бар-жоғына байланысты мынадай топтарға:

  • қолданылатын жеріне байланысты - күнделікті тұрмыста, жиын тойларда және соғыста;
  • жасы мен жынысына байланысты - бойжеткен мен бозбаланыкі, әйелдер мен ер адамдардікі;
  • әскери-әкімшілік иерархиядағы орны мен қызметіне байланысты - батырлардікі, ру ақсақалдарыныкі, аға сұлтандар мен хандардыкі деп топтастыруға болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

3. Самашев, Ж. Жетібаев. Қазақтың этнографиялық суpeттерiндегі белбеу мотивы // КазМУ хабаршысы. Тарих сериясы, №12.57-67-66.