Мазмұнға өту

Коко Роша

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Коко Роша - Канаданың атақты супермоделі. Ол 1988 жылдың 10 қыркүйегінде Торонто қаласында туған. Оның ата-аналары авиалинияда жұмыс істейді. Анасы, Джуанита - стюардесса, ал әкесі Трэвор Хэйнс, - меңгеруші. Коконың әпкесі, Линдси, ағасы Грэг бар. 2010 жылы 9 мамырда Коко Роша досы дизайнер Джеймс Конранға тұрмысқа шықты. Ол 2004 жылы жұмыс істей бастады. Сол жылы ол ''"SUPREME"'' компаниясымен келісім шартқа отырды. Екі жылдан соң ол ''Amanda Mur'' және ''Jemma Ward'' модельдерімен мақаласында шықты. Содан соң ол әлемге танымал бола бастады. 2006 жылының қыркүйекінде ол итальян ''"VOGUE"'' журналында көрінді. Келесі аптада ол Нью-Йорктің сән аптасына қатысты. Ол көптеген дизайнерлардың сән көрсетілімінде шыққан. Олардың қатарында: ''Marc Jacobs, Anna Sui, Louis Vuitton, Stella McCartney, Jean-Paul Gaultier'' және тағы басқалары бар. 2007 жылда Коко ''Jean-Paul Gaultier'' дизайнердің көрсетілімін ирландық биімен ашқан. Бұл " Коконың сәті" болған. Коко көптеген журналдарда пайда болған. Мысалы: ''VOGUE, Harper's Bazaar, i-D, W, Flair, Numero'' және тағы басқа. Ол көптеген компаниялардың келбеті болған. Олардың арасында: ''Americana Manhasset, Balenciaga, Chanel, D&G, Dior, Dolce & Gabbana, Lanvin, The Gap, Tommy Hilfiger, Yves Saint Laurent и Rimmel''. Коко 2000 жылдарының 30 ең жақсы модельдерінің бірі.