Корольков бәйшешегі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Корольков бәйшешегі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Iridaceae
Кіші тұқымдасы: Crocoideae
Тайпасы: Croceae
Тегі: Crocus
Түрі: C. korolkowii
Екі-есімді атауы
Crocus korolkowii
Maw & Regel, 1879

Корольков бәйшешегі (лат. Crocus korolkowii) – құртқашаштар тұқымдасы, бәйшешек туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Оңтүстік Қаратау мен Талас Алатауының сілемдерінде кездеседі. Таудың төменгі белдеулеріндегі ұсақ қиыршықтасты беткейлерінде өседі. Биіктігі 10 – 20 см, тамыр түйнектері шар тәрізді домалақ болады, сыртын торлы қабық жапқан. Жапырақтары ұзын таспа тәрізді (ұзындығы 15 см, ені 3 мм). Гүлі ашық сары түсті, оның ұзын түтікшесі болады. Тұқымынан кейде вегетативті көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – цилиндр тәрізді қауашақ. Корольков бәйшешегі – сәндік өсімдік. Жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • [1] Қызыл кітап