Кристоф Виллибальд Глюк
Кристоф Виллибальд Глюк (нем. Christoph Willibald Ritter von Gluck, 1714 жылдың 2 шілдесінде Эрасбахта туылып—1787 жылдың 15-ші қарашасында Венада қайтыс болған) — XVIII ғасырдың екінші жартысында итальян опера-сериясы мен француз лирикалық трагедиясының реформасын іске асырған, классикалық кезеңнің австриялық жазушысы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кристоф Виллибальд Глюк орман күзетшісінің отбасында дүниеге келіп, кішкентай кезінен музыкаға қызыққан. Әкесі үлкен баласының музыкант болуын қаламағандықтан Глюк Комотаудағы иезуит коллегиясын аяқтап, жасөспірім кезінде ақ үйінен кетіп қалған. Көп саяхаттағаннан соң 1731 жылы ол Прага қаласына келіп, Прага университетінің философия факультетіне оқуға түседі. Оқумен қатар сол кездегі чех композиторы Богуслав Черногорскийден бір уақытта сабақ алып тұрды. Иаков шіркеуіндегі хор құрамында өлең айтты, кезбе ансамбльдерде скрипка мен виолончельдерде ойнады. Білім алғаннан соң, Глюк 1736 жылы Венаға жол жүріп, граф Лобковицтің капелласына қабылданды. Арада аз уақыт өткен соң Итальян меценанты А.Мельциден Миландағы сарай маңындағы капелланың камер-музыканты болуға шақырту алады. Операның отаны саналатын Италияда Глюк осы жанрдағы үлкен шеберлердің шығармашылықтарымен танысуға мүмкіндік алды, сонымен қатар ол опералық, симфониялық композитор Джованни Саммартинидің композициясын оқып – білумен айналысты. 1741 жылдың желтоқсан айында Миланда Глюктің Пьетро Метастазио либреттосындағы «Артаксеркс» опера-сериасы операсының алғашқы көрсетілімі болды. «Артаксеркс» Глюкке үлкен жетістіктер әкелді, Италияның басқа қалаларынан тапсырыстар келе бастады, келесі төрт жыл ішінде бұдан да кем емес жетістіктерге жеткізген «Деметрий», «Пор», «Демофонт», «Гипермнестра» және т.б. опера-сериялар дүниеге келді.
Негізгі тақырыптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Глюк операларының негізгі тақырыптары – батырлық, халық үшін, оның амандығы, бақыты үшін күресу. Дәл осы тақырыптар арқылы Глюк жастарға адамның адам болуын үйретеді.
Композитор ерте ғасырлардағы авторларға ұқсағысы келіп, мифологиялық тақырыптарға жазбақшы болады. Дегенмен, Глюктің шығармашылығында ондай тақырптар байқалмайды. Ондай тақырыптарлды тек XVIII ғ. жиі қолдана бастайды, және осы тақырып Буржуазиялық революцияға дайындық болғандай. Глюк трактовкадан бас тартып, операларына халақтық әуендерін қоса бастайды. Басты тақырыбы – жақын адам үшін жан беру, адалдық.
Глюк шығармашылығы (опералары) басқа композиторлардан айырмашылығы – операның мазмұны адам жанына жақын, күнделікті өмірде болатын істер, адамдық қасиеттер, қарапайымдылық драмалық операның әуенімен үйлесіп жатуы. Композитордың негізгі мақсаты – музыкада (операда) темпті кішкене азайтып, вокал жағына көп көңіл бөлу.
Глюк опералардың стилін өзгертті. Ол seria операсының ариясына сүйенді. Әшекейлерді азайтқаннан соң әуен өте кең, толық болып өзгереді. Композитор тұрмыс- тіршілікке байланысты әуендерді қолданады. Оның шығармашылығында шығармалардың әуендері маңызды рөль атқарады. Композитор сөз бен әуеннің үйлесуі үшін көп жұмыс істейді. Secco речитативтерін сүйелденген речитативтерге айырбастайды. Сонымен қатар оркестрдің партиялары да маңызды рөль атқарады. Операның толық мазмұнын, формасын ашатын және операның қандай мінезбен орындалатынын көрсететін – оркестрдің сүйемелдеуі.
Глюк арияларды да өзгертеді. Ол үлкен формадан бас тартып (da capo), импровизаторлық бостандыққа жол береді.
Глюк шығармаларында шағын аяқталған ариялар бар. Мұнда басты мақсат – сөз бен әуеннің үйлесуі. Сонымен қатар, басты кейіпкердің не айтқысы келгенін толық жеткізу. Глюктің идеалы бойынша операда музыка драманың соңынан жүруі және эмоциялық – психологиялық сезім арқылы мазмұнын ашу қажет.
Жаңадан қолданыла бастаған хор да бар. Хор Глюк операларын байыта түсті. Сонымен қатар балет те маңызды элементтерінің бірі болған. Операға би нөмірлері қосылған француз стиліне ұқамайтын ерекше шығарма жазған.
Әуенді драманы іздестіру үстінде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Глюк өз ізденістерінде операның басты интенданты граф Дураццо мен оның замандасы болған ақын-драматург, «Дон-Жуанның» авторы атанған Раньери де Кальцабиджилерден қолдауларына ие болды. Әуенді драма бағытының келесі қадамы олардың бірігіп шығарған еңбегі - «Орфей және Эвридика» операсы болды, ол 1762 жылдың 5 қазанында Венада алғаш рет басылып шықты. Кальцабиджидің қаламымен ежелгі грек мифтері сол заманғы талғаммен толық сәйкестеніп, антикалық драмаға айналып кетті, бірақ өкінішке орай Венада да, Еуропаның басқа қалаларында да опера көпшілік алдында жетістікке жете алмады. Келісімшартқа сәйкес Глюк өзінің идеясынан айырылмаса да, операларды дәстүрлі түрде жазуды жалғастырды. Музыкалық драма туралы оның арманының жетілген, жаңа туындысы 1767 жылы Кальцабиджимен бірігіп жазған «Альцеста» атты батырлық операсы болды. ол сол жылдың 26 желтоқсанында Венада басылып шықты. Операны ұлы Тосканский герцогына, болашақ Леопольд ІІ императорына арнап жазған.
Глюк шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кристоф Виллибальд Глюк был көбінесе опералық композитор болды. Оған әлі күнге дейін сахнадан түспейтін 107 опера тиесілі. Солардың ішінде «Орфей мен Эвридика» (1762), «Альцеста» (1767), «Авлидедегі Ифигения» (1774), «Армида» (1777), «Тавридтегі Ифигения» (1779) сияқты танымалдарын атап өтуге болады. Одан да көбірек әлемге танылған опералардың бөлек фрагменттері бар, олар эстрадада бұрыннан ақ жаңа өмір бастаған: Көлеңкелердің биі (оның өзі «Әуен») және «Орфея және Эвридикадан» алынған Фуриялардың билері, «Альцеста» және «Авлидедегі Ифигения» операларының увертюралары және т.б. Сонымен қатар Глюк Симфониялар, увертюралар және оркестрлерге арнап бірқатар шығармалар жазады. Оркестрлік сырнайға (G-dur) арналған концерт, генерал-бас және 40 жылдары жазылған. «Дон Жуаннан» Г.Анджолинмен бірге Глюк тағы үш балет шығарады: «Александр» (1765), сонымен қатар «Семирамида» (1765) және «Қытайлық жетім» — екеуі де Вольтердің трагедиялары бойынша жазылған.
Увертюра
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағы айта кететін жайт – Глюк операға увертюраны қосқан. Оның ойынша опера мен увертюра – бір бүтін.
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рыцарев С. Кристоф Виллибальд Глюк. — М.: Музыка, 1987.
Кириллина Л. Реформаторские оперы Глюка. — М.: Классика-XXI, 2006. 384 с. ISBN 5-89817-152-5
Балашша И., Гал Д. Ш. Путеводитель по операм.