Ксенофонт
Ксенофонт | |
Туған күні |
б.з.б. 430 ж.ш |
---|---|
Туған жері |
Эрхия |
Қайтыс болған күні |
б.з.б. 335/354 |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы |
Ежелгі Афина |
Мансабы | |
Шығармалардың тілі | |
Ортаққордағы санаты: Ксенофонт |
Ксенофонт (б.з.б. 430 ж.ш., Афина – б.з.б. 335/354, Коринф) – ежелгі грек жазушысы, тарихшы. Ақсүйектер әулетінен. Сократтың шәкірттерінің бірі. Б. з. б. 401 ж. парсы тағына таласушы Кіші Кирдің Артаксеркс ІІ-ге қарсы жорығына қатысты. Кир қаза болғаннан кейін 10 мың грек әскерінің Вавилон түбінен Трапезундқа қарай шегінуіне басшылық етті (кейіннен мұны “Анабасис” деген тарихи шығармасында жазды). Одан кейін спарта патшасы Агесилаймен достасып, өз отанына қарсы соғысқаны үшін сатқын деп жарияланды. Тек 370 екі ел одақтасқаннан кейін ғана рақымшылық алып, ұлдары Афина әскерінің құрамында соғысқан. Фукидида ғылыми еңбегінің жалғастырушысы болған негізгі тарихи еңбегі – 7 томдық “Грек тарихы” (б.з.б. 401 және 362 ж. аралығы). Оның екі кітабы Пелопоннес соғыстарының соңғы кезеңдерін; Афинаның сөзсіз тізе бүгуін; “отыз тиран” және оларды жоюмен байланысты тарихи оқиғаларды сипаттайды.[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |