Күн күнтізбесі
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Күн күнтізбесі - Белгілі бір дәрежеде тәулік, ай және жылды өзара сәйкестендіруге ұмтылу, бірнеше мыңдаған жылдар бұрын діни, салт-дәстүрлік және тұрмыстық шаруашылық қажеттілігінен күнтізбенің үш түрінің пайда болуына әсер етті: 1) мөлшері тәуліктен үлкен уақыт есебі – 29 не 30 күн бойы көзге көрініп отыратын «туар ай» болғандықтан, оның санын 12 айда бір рет түйіндеу арқылы, шамамен 5-6 мың жыл бұрын тәулік пен туар айды сәйкестендіруді көздеген Ай күнтізбесі пайда болды; 2) Ай жылы Күн жылынан 10-12 тәулік аралығында қысқа болғандықтан, таза Күннің қозғалысына негізделген Күн күнтізбесі шамамен 4-5 мың жыл бұрын пайда болып, онда тәулік пен Күн жылын өзара сәйкестендіруге ұмтылыс жасалды; 3) ақыр соңында, Ай жылы мен Күн жылын өзара сәйкестендіруге ұмтылыс жасау, шамамен 3-4 мың жыл бұрын Ай-Күн күнтізбесінің пайда болуына ықпал жасады. Уақыттың үш бірлігін (тәулік, ай және жыл) өзара сәйкестендіруге ұмтылыс жасау қазіргі уақытта да жалғасын тауып келеді. Төмендегі мақала негізінен осы тақырыпқа арналады.
- * *
Ежелгі дүние тарихында бүгінгі үш күнтізбенің түрлерінен басқа күнтізбелер жүйесі болғаны мәлім, бірақ олар өкінішке орай жойылып кетті немесе ұмытылып қалды (мысалы, «Құмыран» күнтізбесі, «Майялар» күнтізбесі, ежелгі түркілердің жұлдыздық жыл (365,25636) мен сидерлік айға (27,32166) негізделген «Тоғыс есебі» және т.б.). Күнтізбелер жүйесінде әлі де қолданылып келе жатқан, ең әрісі 5-6 мың, берісі 2 мың жылдар шамасы бұрын пайда болған қайталанбалы кезеңдердің (циклдер) кейбіреулері одан әрі талдап қорытуға мұқтаж болып жатса, енді кейбіреуі адамзат баласын мүлде теріс жолға түсіріп жіберіпті. Әрине сол бір қараңғы түнек замандарда олардың ғылымға қосқан үлесі орасан зор екені дау тудырмаса керек, бірақ сонымен бір дерлікте уақытпен бірге өзгеру заңдылығын да естен шығармауымыз керек деп ойлаймын. Ай – Жерді, Ай мен Жер, басқа планеталар секілді, өзара қашықтықтарын сақтап – Күнді, ал Күн (онымен бірге біз де) – Кеңістікте айналады. Бұл – көп дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Аспан денелерінің ырғағы (ритм) дұрыс есептелуі үшін күллі күнтізбенің өзегін құрайтын – тәулік, ай, жыл және ғасырлардың арасы ешуақытта да «үзілмеуі» қажет. Бұл қазіргі ғылым тұрғысынан – дүдамал ақиқат. Бірақ, соған қарамастан, мыңдаған есептеулер жүргізу арқылы осыған көзіміз жетті. Сондықтан уақытты үздіксіз есептеу үшін 365,25 немесе 365 тәулік 6 сағатқа тең жыл мөлшері «ескірген» деп есептелсе де (оны қазіргі уақытта Шығыс православия шіркеуі, астрономдар мен хронологтар 7980 жылдық «Скалигер кезеңінде» ғана қолданады) таңдалып алынды. Аспан денелерімен ешбір ортақ қатысы болмаса да (бейтарап қалпын сақтай отырып), дәл осы цикл мен юлий күнтізбесі ендірілген б.з.д. +45 (–44) жылдың 1-қаңтар күні Жер бетіндегі күнтізбелердің үш түрін ортақ циклге біріктіріп қана қоймай, сонымен бірге уақытты үздіксіз түрде … миллиондаған жылдар бойы «мәнгілік» түрде есептей алатын, күллі Күн жүйесінің ортақ күнтізбесін жасауға тамаша мүмкіндік береді. Ай-Жер-Күнді ортақ айналымға біріктіру үшін циклдың «омыртқасын» юлий жылының мөлшерімен, яғни 365,25 тәулікпен тығыз байланысы бар туар (синодтық) ай құрауы қажет. Тұрмыста бұл уақыт есептеу түрін – ай-күн күнтізбесі деп атайды және ол үшін ең қолайлы цикл 532 жылдық цикл немесе «ұлы индиктион» деп есептеледі. Осы циклдің көмегімен VІ ғасырда Кіші Дионисий тақуа (түп-төркіні Сақ-Скиф) «Христос туылғаннан басталатын» жылсанауды есептеп шығарған. Сырттай қарағанда, бұдан жақсы теңдеуді табу мүмкін емес сияқты көрінеді: 19 ай-күн жылы (Х «икс») × 28 Күн жылы (У «игрек») = 532 жыл (Z «зет») × 365,25 күн = 194 313 күн ÷ 6580 ай = 29,53085106 күн немесе 76 Ай-күн жылы × 7 цикл = 532 жыл × 365,25 күн = 194 313 күн ÷ 7 күн = 27 759 апта Бірақ бұл теңдеу жүйесінде туар (синодтық) ай мөлшері астрономиялық дәл мөлшерден 0,00026286 күн немесе 22,7 секундқа артық болатындықтан – 1 күндік қателік 3804 айда немесе 308 жылда пайда болады! Дәл осы себеп бойынша, «Христос туылғаннан басталатын» христиандық жылсанау (биыл 2009 жылын өткізіп отырмыз!) бақандай 4 жылға қате есептелген деп сынға жиі ұшырайды, тіпті оны табиғат құбылысымен (жаңа аймен, ай немесе күн тұтылумен және т.б.) тығыз байланысы бар басқа жылсанаумен ауыстыру туралы ұсыныстар да айтылып жүр. Қанша жерден ұлы дін өкілдерін ренжіткіміз келмесе де, тіпті шектен шыққандық деп есептелсе де, осы себептен 532 жылдық циклмен байланысты айналымдарды талдап қорыту және дамытуда ешбір маңыз жоқ деп есептейміз. ЖАҢА ТЕОРИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: Егер ай-күн жылы – юлий күнтізбесіне негізделуі қажет болса, онда «Х» циклы жоғарыдағыдай (19 жыл) «тақ» санға емес, 4 санына қалдықсыз бөлінетін «жұп» санға сәйкес келуі қажет. Ал «У» циклі күнделікті тұрмысымызға сіңісіп кеткен тропиктік жылға және туар ай мөлшерімен байланысы бар «тақ» санға сәйкес келетін болуы тиіс. Егер табиғатта мұндай цикл болатын болса, ол міндетті түрде Ай-Жер-Күнді ортақ айналымға біріктіретін «Z» циклі болып табылады! Егер мақаламды осы жерден аяқтайтын болсам, әрісі астрономия, берісі күнтізбе ғылымының ұңғыл-шұңғылын зерттеген ғалымдар, бір ауыздан «бұл мүмкін емес!» деп өре түрегелері анық. Бірақ бұл жайында жарықтық Альберт Эйнштейн осыдан жарты ғасыр бұрын: «Ия, мұның мүмкін емес екендігін бәрі де біледі. Бірақ мұны білмейтін бейтаныс біреу келеді де – сол жаңалық ашады» деп өсиет сөз қалдырыпты. Өз еңбегімді аяқтағаныммен – ғылыми жаңалық аштым деп айта алмаймын. Өйткені ақиқаттың ақырғы мәйегі пікірталастар мен айтыстар болғанда ғана туылады. Сөйтсе де бірнеше мыңдаған беттен тұратын алып кестелер мен осы зерттеу барысында ашылған жаңа тұжырымдар, метрологиялық уақытта осы уақытқа дейін «мүмкін емес» деп есептеліп келген жайлардың жасырын заңдарын керісінше дәлелдеуге толық дайын екендігін айта аламын... «Х» ЦИКЛІ Ай-Күн күнтізбелеріне арналған циклдерінің ішінде, «Х» рөліне тек 16 жылдық «эккадекаэтерида» циклі ғана ұсынылады: 16 жыл × 365,4375 күн = 5847 ÷ 198 ай = 29,5303030 күн немесе 105 × 30 + 93 × 29 = 5847 күн 16 × 10 = 160 жыл × 365,25625 күн = 58 441 ÷ 1979 ай = 29,53057099 күн немесе 1050 × 30 + 929 × 29 = 58 441 күн
Көріп отырғанымыздай, ежелгі грек ғалымы Эратосфеннің кеңейтілген циклін пайдалана отырып, тәулік, туар ай мөлшерін, юлий және жұлдыздық (сидерлік) жыл мөлшерлерімен жуық түрде сәйкестендіруге болады.
«У» ЦИКЛІ Күн күнтізбелеріне арналған циклдер арасынан ешбір Күн күнтізбесі жүйелерінде қолданылмаған 29 жылдық циклді таңдап алдық. Ол ішінара тропиктік жыл мен туар айдың мөлшеріне сәйкес келеді: 365 × 22 + 366 × 7 = 10592 күн ÷ 29 жыл = 365,24137931 күн 181 × 30 + 178 × 29 = 10 592 күн ÷ 359 ай = 29,504178 күн Бұл цикл өзінің мөлшері бойынша әрбір 4 цикл сайын (29 × 4 = 116 жыл) юлий күнтізбесінен тұп-тура 1 күнге қалып отырады, ол осы арқылы юлий күнтізбесі мен тропиктік жылдың мөлшері арасындағы шекараны айқын анықтап отыруға мүмкіндік береді: 365 × 87 + 366 × 29 = 42 369 күн ÷ 116 жыл = 365,25 күн 365 × 88 + 366 × 28 = 42 368 күн ÷ 116 жыл = 365,24137931 күн 753 × 30 + 682 × 29 = 42 368 күн ÷ 1435 ай = 29,524739 күн
ҮШ ТҮРЛІ КҮНТІЗБЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРТАҚ «Z» ЦИКЛІ 16 жылдық Ай-күн күнтізбесінің «Х» циклі мен 29 жылдық тропиктік Күн жылының «У» циклін бір-біріне көбейтіп – 464 жылдық «Z» цикліне ие боламыз. 464 жылдық «Z» циклінің математикалық теориясы: 348 365 + 116 366 = 169 476 464 жыл = 365,25 күн Ай-күн күнтізбесі үшін: 16 жыл × 10 = 160 жыл × 2 + 144 жыл = 464 жыл 16 жыл (198 ай) × 10 = 160 жыл (1980 ай – 1 ай (29 күн) = 1979 ай); 16 жыл (198 ай) × 9 = 144 жыл (1782 ай – 1 ай (29 күн) = 1781 ай); 16 жыл (198 ай) × 10 = 160 жыл (1980 ай – 1 ай (29 күн) = 1979 ай).
464 жыл × 365,25 күн = 169 476 күн ÷ 5739 ай = 29,53058024 күн немесе туар (синодтық) ай мөлшері астрономиялық дәл мөлшерден небәрі 0,00000796 күн немесе 0,6877 секунд қана қысқа болып шығады. Демек 1 күн қателік – 10 200 юлий жылы өткенде ғана пайда болады! Бұдан әрі 464 жылдық «Z» циклі негізінде біздер шартты ай-күн күнтізбесінің жобасын жасап шықтық. Онда 293 жыл – 12 айдан және 171 жыл – «эмболисмикалық» 13 айдан құралады. Бұл жылдар мынадай үлгімен орналастырылды: 165 354 + 128 355 + 60 383 + 89 384 + 22 385 = 58410 + 45440 + 22980 + 34176 + 8470 = 169 476 күн Адамзат тарихында қолданылған барлық Ай-күн күнтізбе циклдері (8, 16, 19, 76, 304 жылдық) көрініс тапқан және 464 жылдық «Z» цикліне негізделген шартты Ай-күн күнтізбесінің 1-айы жуық түрде 6-желтоқсан мен 7-қаңтар аралығына, ал орташа даталары тұрақты түрде 24-25 желтоқсанға, яғни «Христостың Туылу күніне» тура келетіндей етіліп жасалды. 464 жылдық «Z» циклін – Қытай мен оңтүстік-шығыс Азияның қаңтар-ақпан айларының сәйкес келген күнінен басталатын 60 жылдық және Израйльдың (иудаизм) қыркүйек-қазан айларының сәйкес келген күнінен басталатын ай-күн күнтізбелерімен сәйкестендіру, туар айлардың қарапайым түрде орын ауыстыруларын ғана қажет етеді.
464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ ТРОПИКТІК ЖЫЛМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Тропиктік күн күнтізбесі үшін: 29 жыл × 4 = 116 × 4 = 464 жыл 365, 24137931 күн = 169 472 күн ÷ 5739 ай = 29,529883 күн Егер тропиктік орташа жылдың мөлшерін, Ай және Ай-күн күнтізбелеріне өте дәл сәйкес келетін туар ай мөлшерімен теңестіргіміз келсе, төмендегі теңдеу жүйелерін пайдалануға болады. Бұл өз кезегінде 464 жылдық «Z» циклі бойынша анықталған уақытты қазіргі кезде үйреншікті болып қалған 100 жылдық ғасырлар бойынша есептеуге мүмкіндік береді: 29 жыл × 4 = 116 × 25 = 2900 жыл 365, 242413793 күн = 1 059 203 күн; 35 868 туар (синодтық) ай × 29,5305843648 күн = 1 059 203 күн; 49 Ай жылы × 61 цикл = 2989 Ай жылы × 354,367012378 күн = 1 059 203 күн. ЕСКЕРТУ: 464 жылдық «Z» циклінің тәулікті бөлшек санға бөліп есептеген төмендегі теңдеу жүйесінен (464 × 100 цикл = 46 400 жыл) 46 400 жылда – юлий күнтізбесі мен тропиктік жылға негізделген күнтізбе арасында 1 жылдық айырмашылық болатынын байқауға болады: 464 жыл 365,25 күн = 169 476 күн – 3,6 (3,65) күн = 169 472,4 (0,35) күн ÷ 464 жыл = 365,242241379 күн.
1) 464 жылдық «Z» цикліндегі 365,25 күнге тең (үздіксіз есептелетін) күнтізбе ешбір астрономиялық құбылыстарға қатыссыз, бейтарап болатындықтан, ондағы айлардың санын, құрылу жүйесін (қаңтар-31, ақпан-28 және 29, наурыз-31 = 90-91 күн) + 3 ай (көкек-30, мамыр-31, маусым-30 = 91 күн) + 3 ай (шілде-31, тамыз-31, қыркүйек-30 = 92 күн) + 3 айдан (қазан-31, қараша-30 желтоқсан-31= 92 күн) және жыл басын (1-қаңтар) бүгінгі күні қалыптасып кеткендей қалпында қалдыру дұрыс болған болар еді. 2) Тропиктік күн күнтізбесінде жыл басы мен айлар құрылымы өзгерген жағдайда, екі күнтізбедегі даталарды бір-біріне хронологиялық тәртіппен аудару кезінде, сәйкес келуіне қарай (қаңтар-31, ақпан-28 және 29, наурыз-20) – 79-80 күнді қосып есептеу қажет болады. Бұл қиын жағдайдан шығудың басқа жолы, әрбір 128 жыл өткен сайын тропиктік Күн күнтізбесінде 1 күнді ойша «бос» деп есептеп, екі күнтізбе жүйесін «теңестіріп» отыру болады...
464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ЖЫЛ ЖӘНЕ СИДЕРЛІК АЙМЕН БАЙЛАНЫСЫ 16 × 29 = 464 жыл × 365,256465517 күн = 169 479 күн немесе жұлдыздық (сидерлік) жыл мөлшері астрономилық дәл мөлшерден небәрі – 0,000099957 немесе 8,63 секунд қана артық болып шығады. 464 жыл × 365,25 = 169 476 6203 ай = 27,3216186 күн немесе жұлдыздық (сидерлік) ай мөлшері астрономилық дәл мөлшерден небәрі – 0,00004243 күн немесе 3,66 секунд қана қысқа болып шығады.
464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ – 6 КҮНДІК АПТАМЕН БАЙЛАНЫСЫ 169 476 7 күн = 24 210 апта және 6 күн қалдық немесе 169 476 6 күн = 28 246 апта. Көріп отырғанымыздай, «Z» цикліндегі тәулік сандарына 7 күндік апта 6 күн қалдықпен, ал 6 күндік апта қалдықсыз бөлінеді. Негізінде күнтізбелер жүйесі үшін қаншалықты «қасиетті» болса да, 7 күндік аптадан көрі – 6 күндік апта әлдеқайда қолайлы екені салыстырмалы түрде айқын көрінеді. Мысалы: 1) 365 күн 7 күн = 52 апта 1 күн қалдық және 366 күн 7 күн = 52 апта 2 күн қалдық 2) 365 күн 6 күн = 60 апта 5 күн қалдық және 366 күн 6 күн = 61 апта 1) 28 жыл 365,25 = 10 227 күн 7 күн = 1461 апта (7 күндік апта бойынша) 2) 8 жыл 365,25 = 2 922 күн 6 күн = 487 апта (6 күндік апта бойынша)
464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ ҺИЖРАЛЫҚ АЙ (ҚАМАРИ) КҮНТІЗБЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ «Z» цикліндегі барлық 5739 синодтық ай мөлшерін 12 айға бөлгенде – 478 Ай жылы және 3 ай қалдық қалатыны Ай (Қамари) күнтізбесінің жаңа жобасын жасап шығуға қолайлы жағдай тудырады: 5739 ай 4 = 22 956 ай 12 = 1913 Ай жылы 1392 365 + 464 366 = 677 904 1856 жыл = 365,25 күн 1211 354 + 702 355 = 677 904 1913 жыл = 354,366963 күн 12 ай = 29,5305802 күн Соңғы нәтижеде анықталған Ай жылының мөлшері қазіргі ғылым белгілеген мөлшерден небәрі – 0,00009551 немесе 8,2525 секунд қана қысқа болғандықтан, 1 күндік қателікті тек 10 400 жыл өткенде ғана береді! Қазіргі уақытта Ислам дінін ұстанатын бірқатар елдер (Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия және т. б.) күнделікті тұрмыстарында тропиктік орташа жыл мөлшеріне негізделген Күн (Шамси) күнтізбесін тұтынады және онда жаңа жыл үнемі – 21-наурыздан басталып отыруы қажет. Жоғарыда келтірілген теңдеу жүйесі, Ай күнтізбесімен байланысы бар Һижралық жылсанауға негізделген Шамси күнтізбесінің жаңа жобасын жасауға мүмкіндік береді. 1406 365 + 450 366 = 677 890 1856 жыл = 365,242456896 күн Соңғы нәтижеде анықталған тропиктік жыл мөлшері қазіргі ғылым белгілеген мөлшерден небәрі – 0,000258106 немесе 22,30 секунд қана көп. Тропиктік жыл мөлшерінің дәлдігін арттыру үшін 3712 жыл ішінде 1 тәулікті қысқартса жетіп жатыр. Сонда мынадай теңдеу жүйесі пайда болады (116 жыл 16 = 1856 жыл 2 = 3712 жыл 29 = 128 жыл): 2784 365 + 928 366 = 1 355 808 күн 3712 жыл = 365,25 күн 2813 365 + 899 366 = 1 355 779 күн 3712 жыл = 365,2421875 күн Соңғы нәтижеде анықталған тропиктік жыл мөлшері қазіргі ғылым белгілеген мөлшерден небәрі – 0,00001129 немесе 0,98 секунд қана аз болғандықтан, 1 күндік қателікті тек 88 500 жыл өткенде ғана береді! Сонымен бір дерлікте Таяу Шығыс елдерінде әлі күнге дейін ішінара қолданылатын «Бурудж» (Шоқжұлдыз) күнтізбесі үшін төмендегі теңдеу жүйесі өте дәл сәйкес келер еді: 1380 365 + 476 366 = 677 916 1856 жыл = 365,256465517 күн немесе анықталған жұлдыздық (сидерлік) жыл мөлшері қазіргі ғылым белгілеген мөлшерден небәрі – 0,000099957 немесе 8,63 секунд қана көп! Яғни, 1 күн қателікті – 10 000 жыл өткенде ғана береді! 1913 Ай жылының ішкі жүйесін 49 (354,36734/29,53061 күн) және 50 (354,36/29,53 күн) жылдық Ай циклдері ішінара кезектесіп қайталану (49 жыл 37 + 50 жыл 2 = 1913 жыл) арқылы құрай алады.
ХРИСТИАНДЫҚ ЖЫЛСАНАУ ДӘУІРІН – ҺИЖРАЛЫҚ ЖЫЛСАНАУ ДӘУІРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ ТӘСІЛІ
Әлемдік саясатта, экономикалық қарым-қатынас жасауда, одан басқа тарих, ғылым, мәдениет және т.б. салаларда Ислам әлемі мен Христиан әлемінің арасында недәуір «салқындықтың» бар екені рас. 2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғасынан кейін бұл салқындықтың мүлде шиеленісе түскені де аян. Жалпы үйкелей берсе, ағаштан да от шығып кететінін білетін әлем халқы, соңдарынан ерген миллиардтаған жақтаушылары бар осы екі діннің татуласқанын қалар еді. Егер бұл ұлы екі дінді әйгілі саясатшылар мен діндарлар қауымы біріктіре алмаса, тым болмаса ғылым жолымен жылсанаулары бойынша біздер жақындастырып көрсек не болар еді? Жалпы бұл идея – 49 жылдық Ай цикліне қатысты пайда болғанын айтып өткіміз келеді: 31 354 + 18 355 = 17 364 49 жыл = 354,36735 күн 365,25 күн = 47 жыл 197 күн 6 сағат Қаңтар-31, Ақпан-28, Наурыз-31, Көкек-30, Мамыр-31, Маусым-30, Шілде-16 = 197 күн Қандай құдірет екенін қайдам, бірақ, юлий күнтізбесінің тұп-тура б.з.д. +45 (–44) жылдың 1-қаңтар күнінен, ал Һижралық Ай (Қамари) күнтізбесінің тұп-тура б.з. 622 жылдың 16-шілде күнінен басталуы, осы екі жылсанау дәуірлерін (христиандық–мұсылмандық) бір-бірімен жігін білдірместен, тығыз байланыстыруға қолайлы жағдай тудырады. Хронологиялық есептеулер жүргізу арқылы б.з.д. +45 (–44) жылдың 1-қаңтары (жаңа ай туылған күн) мен б.з. 622 жылғы 14-шілде (жаңа ай туылған күн) аралығында тұп-тура – 243 451 күн бар екенін және оның өз кезегінде 8244 туар (синодтық) айға немесе 687 Ай (Қамари) жылына сәйкес келетінін есептеп шығу қиын іс емес (49 жыл 13 = 637 жыл + 50 жыл = 687 жыл). Һижралық жылсанау бойынша жүргізілетін мұсылмандық Ай (Қамари) күнтізбесі – Айдың жіңішке орағы (неомения) көрінгеннен бастап есептелетінін ескерсек, онда б.з.д. +45 (–44) жылдың 3-ші қаңтарынан б.з. 622-ші жылғы 16-шы шілдесіне дейін де дәл осынша уақыт (243 451 күн) өткенін білеміз. Яғни, хижралық Ай (Қамари) күнтізбесіндегі датаны 1856 жылдық Юлий немесе Һижралық Шамси күнтізбесіне аударғанда, ол үнемі 1-ші жылдың 3-қаңтармен басталып, 1856-шы жылдың 2-қаңтарымен аяқталып отырады. Мұсылмандық Һижра жылсанауын христиандық жылсанаумен сәйкестендіру үшін – Һижра жылсанауына дейінгі (Һ.ж.д.) немесе қысқаша «Жаһиллиат» деп аталатын «табиғи реттілікке қарсы есептелетін» жылсанау жүйесін ендіруге болады...
464 ЖЫЛДЫҚ «Z» ЦИКЛІНІҢ КӨМЕГІМЕН ҚАЗІРГІ ЖЫЛСАНАУ ЖҮЙЕСІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ ТӘСІЛІ Егер адамзат өркениеті өз жылсанауын ешбір дінге қатысы жоқ, бейтарап жылсанау нүктесінен бастауды қалайтын болса, онда ол жылсанаудың «нөлінші жылына» Ислам әлемі мен Христиан әлемінің жылсанауын сәйкестендіруге ықпал еткен б.з.д. +45 (–44) жыл + 1856 жыл = б.з.д. +1901 (–1900) жылы өте дәл сәйкес келеді. Бұл жағдайда биылғы 2009 жыл дүниежүзілік күнтізбе реформасы жүзеге асырылатын болса (2009 + 1900 = 3909) ... 3909 жыл болып есептеледі және қазіргі уақытта б.з.д. даталарға сәйкес келетін көне тарихы бар бірқатар ұлттарға тиесілі жылсанау жүйелері, б.з. деп есептелетін жаңа жылсанау жүйесінің ішіне кіреді. Сондай-ақ «Христостың туылу датасы» деп қате есептелген қазіргі христиандық жылсанаудың төңірегіндегі дау-дамайлардың да тоқтары даусыз! Жоғарыда келтірілген баяндаулардан – 464 жылдық «Z» циклі негізінен Жер бетінде пайда болған үш күнтізбе (Ай, Ай-күн және Күн күнтізбелері) түріне таптырмас қайталанбалы кезең (цикл) екені дау тудырмаса керек деп ойлаймыз...
46 400 ЖЫЛДЫҚ «W» ЦИКЛІНІҢ КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЛАНЕТАЛАРМЕН (ҒАЛАМШАРЛАРМЕН) БАЙЛАНЫСЫ Ең баста тек Жер бетіндегі үш күнтізбе түрін ғана бір-бірімен сәйкестендіруді мақсат етіп қойғанымызбен, 464 жылдық «Z» циклінің жұлдыздық (сидерлік) жыл мөлшеріне сәйкес келуі, бізді 464 жылдық «Z» циклін Күн жүйесіндегі планеталармен (ғаламшар) байланыстырып көруге итермеледі. Соңғы нәтижеде – 46 400 жылдық «W» циклінің Күн жүйесіндегі планеталардың Күнді айналу мөлшерлеріне сәйкес келетін дәлдігі анықталды. Күн жүйесінің ауқымы – Жермен салыстырғанда мың-миллиондаған есе кең екені мәлім. Мысалы, Күнге ең жақын орналасқан Меркурий планетасының (ғаламшар) сидерлік уақыты Жер өлшемімен алынған тәулік бойынша небәрі – 87,969 тәулікті құраса, Күннен өте алыс қашықтыққа орналасқан Плутон планетасының сидерлік уақыты Жер өлшемімен алынған уақыт бойынша – 248,4 жылды құрайды (кестені қараңыз). Сондықтан, Күн жүйесіндегі планеталардың жуық түрдегі күнтізбелік уақыттарын бұдан әрі 464 жылдық «Z» циклімен есептеу мүмкін еместігі белгілі болады. Сол себепті өте үлкен уақыт кезеңін қамтитын «W» циклін есептеп шығардық. Ол үшін мынадай математикалық амалды қолданамыз: 16 жыл 29 жыл = 464 жыл 25 цикл = 11 600 жыл 4 цикл = 46 400 жыл 1856 жыл = 25 цикл немесе 2900 жыл 4 цикл = 11 600 жыл 4 цикл = 46 400 жыл 34 800 жыл 365 күн + 11 600 жыл 366 күн = 16 947 600 күн 46 400 жыл = 365,25 күн Осы амалдарға орай, бұған дейінгі тарауда жан-жақты баяндалған 464 жылдық «Z» циклін шартты түрде – «микро жоба» деп атауды, ал 46 400 жылды немесе оған сәйкес келетін 16 947 600 күнді – «W» циклі немесе «макро жоба» деп атауды ұйғарып отырмыз. 46 400 жылдық «W» циклінің Күн жүйесіндегі планеталармен (ғаламшар) байланысымен бірге, қазіргі адамзаттың 100-ден аса жылсанауын бір ретке келтіру қабілеті де ашылып отыр. Тропиктік жылдың әрбір 100 жыл сайын өз мөлшерін 0,54 секундқа қысқартып отыратын бәрімізге белгілі тәртібін негізге ала отырып жасалған 46 400 жылдық «W» циклі, осындай үлкен уақыт аралығын б.з.д. және б.з. жылдарға 4 кезең бойынша бөлу арқылы реттей алады: 11 600 жылдық 1-кезең: б.з.д. 25 101 – б.з.д. 13 500 жж. арасын қамтиды және юлий күнтізбесі мен тропиктік орташа жылға негізделген күнтізбе арасында – 78 күн айырмашылық пайда болады. Бұл уақыт кезеңі жуық түрде «Мұз дәуіріне» тура келетіндіктен – «Қыс кезеңі» деп атадық; 11 600 жылдық 2-кезең: б.з.д. 13 501 – б.з.д. 1 900 жж. арасын қамтиды және юлий күнтізбесі мен тропиктік орташа жылға негізделген күнтізбе арасында – 86 (164) күн айырмашылық пайда болады. Бұл уақыт кезеңі жуық түрде «Мұз еру дәуіріне» тура келетіндіктен – «Көктем кезеңі» деп атадық; 11 600 жылдық 3-кезең: б.з.д. 1 901 – б.з. 9 699 жж. арасын қамтиды және юлий күнтізбесі мен тропиктік орташа жылға негізделген күнтізбе арасында – 93 (257) күн айырмашылық пайда болады. Бұл уақыт кезеңі бүгінгі күнге тура келетіндіктен – «Жаз кезеңі» деп атадық; 11 600 жылдық 4-кезең: б.з. 9 700 – б.з. 21 299 жж. арасын қамтиды және юлий күнтізбесі мен тропиктік орташа жылға негізделген күнтізбе арасында – 103-108 (360-365) күн айырмашылық пайда болады. Болашақта болатын бұл уақыт кезеңін – «Күз кезеңі» деп атадық!
МАҚАЛАНЫҢ ТҮЙІНІ: Осы мақалада баяндалған күнтізбе циклдерінің математикалық теориялары, егер түрлі деңгейдегі өркениет өкілдері мүдделілік танытса, оны кез келген кезде іс жүзіне асыруға болатындай етіліп жасалып отыр. 46 400 жылдық «W» циклін келтіріліп отырған тәртіппен 100 жылдық тұтас ғасырларға үздіксіз бөлу арқылы, оны түрліше ғылым (астрономия, тарих, ғарышты игеру және т.б.) салаларында қолдануды шамамыз келгенше жеңілдеттік. Егер ғылыми болжауларға сүйенсек, алдағы 50-100 жыл ішінде адамзат баласы тек телескоппен ғана көрінетін Күн жүйесінің планеталарына барып келетін, тіпті тұрақты түрде қоныстана бастайтын технологияларға қол жеткізеді екен. Демек, Күн жүйесінің БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТЫН есептейтін ортақ күнтізбеге деген мұқтаждық күндердің-күнінде пайда болатыны сөзсіз. 46 400 жылдық «W» циклі көріп отырғанымыздай осы қажеттілікті толық өтей алады. Мысалы, аталмыш циклге негізделген Күн жүйесінің ортақ күнтізбе кестесін тайға таңба басқандай етіп, темірге өрнектеп механикалық түрде де, сондай-ақ сандық технологияны пайдаланып электронды түрде де жасауға болады. Ол үшін барлық алғышарттар жасалып қойылды. Сонымен бірге бұл ғаламат циклдің мүмкіншіліктері осы мақалада баяндалған теңдеу жүйелерімен шектеліп қалмайтынына сенімдіміз. Оның шын мәніндегі маңызының ашылуы, уақыт өте келе ғылымның жаңа салаларының пайда болуымен бірге мүлде басқа қырынан көрінуі де ғажап емес...
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Solar calendars |