Көксарай (өзен)
Көрініс
Көксарай өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 46 км |
Су алабының ауданы |
228 км² |
Су алабы | Сырдария |
Су ағысы | |
Бастауы | Қаратау жотасы |
Сағасы | Арыс-Түркістан каналы |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігі |
Көксарай – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түркістан облысы жерінде. Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 228 км2.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаратау жотасынан Ақалтын өзені болып басталып, оңтүстік-батысқа қарай Кентау қалалық әкімдігі аумағының жерімен ағып, Арыс-Түркістан каналына құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үлгілі ауылы тұсында бойына бөген салынған. Орта ағысында аты Жаңақорған өзені деп аталады. Жоғарғы ағысында аңғары тар, тік жарлы. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9,