Мазмұнға өту

Көк шыбын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Көк шыбын (ағылш. Callіphorіdae) – қос қанаттылар немесе шыбындар тобының қысқа мұрттылар тармағының дөңгелек тігісті тұқымдасына жататын өлексе шыбыны.

Шыбын денесінің ұзындығы 5 – 16 мм, түсі қоңыр-күлгін, немесе металдай жылтыр көк реңкті (мыс., ет көк шыбыны – (ағылш. Callіphora vіcіna), жасыл (мыс., ет жасыл шыбыныағылш. Lucіlla serіcuta). Бұл шыбындардың дүние жүзінде 900-ден астам, ал Қазақстанда оннан астам түрі кездеседі.

Жұмыртқа салатын және дернәсілін тірідей туатын түрлері бар. Дернәсілдері жануарлар өлексесінде (мысалы, өлексе шыбыны – (ағылш. Cynomyіa nartuorum), бұзыла бастаған етте, кейде мал қиында тіршілік етеді. Балаң құрттары әр түрлі омыртқасыздардың денесінде (ұлу, шұбалшаң, көбелек), сондай-ақ омыртқалы жануарларда (құдыр, құс балапанының тері астында, бақа мен құрбақа тіндерінде) паразиттік тіршілік етеді. Ересек шыбындар гүлдермен, шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Кейбір түрлері адам мен жануарлардың ішек-асқазан ауруларын таратады.[1]

Ет көк шыбыны Ет жасыл шыбыны Өлексе шыбыны

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том