Латекс
Латекс (лат. latex — сұйықтық) — полимерлердің судағы дисперсиясы. Латекстер табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи латекс — сүт тәрізді сұйықтық түріндегі каучукты өсімдіктердің шырыны. Құрамында 52 — 60% су, 34 — 37% каучук, 2 — 2,7% белок, 1,65 —3,4% шайыр, 1,5 — 4,2% қант, 0,7 — 0,2% минералды заттар болады. Табиғи латекс құрамы ағаштың жасына, климаттық жағдайға, ауа райына, жыл мезгілдеріне, т.б. байланысты әр түрлі болады. Жасанды латекстерге сфералық полимер бөлшектерінен тұратын коллоидтық жүйелер (дивинил-стиролды, дивинил-нитрилді, дивинил-акрилатты, хлорпренді латекстер) жатады. Латекстерді аммиак (0,5 — 0,7%) қосып жабық күйде сақтайды. Латекстен, әдетте қатты каучуктен алынбайтын заттарды — көбікті резеңке, кейбір жасанды тері түрлерін алуда, полиграфия, аяқ киім, химия өндірісінде желім ретінде, т.б. өнеркәсіп салаларында қолданылады.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- ↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |