Мазмұнға өту

Лағман

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Лағман Бишкекте

Лағман, кеспе көже (Үлгі:Lang-zh4) - Ұннан қамыр илеп, оларды май жаға отырып созып, кеспе дайындайды. Кеспені суда қайнатып, суық сумен жуып, өсімдік майымен майлайды. Етті турап, пияз салынған майға қуырып пісіреді де, дәмдеуіштер қосып қайнатады. Қайнаған суда кеспені жылытып үстіне дайын ет салып беріледі. Өзбек, тәжік және дүнген лағмандарының түрлері бар. Лағман ет-көкөніс бөлігінен — ваджи (кайла) және кеспеден тұрады. Соңғысы лағманның ерекше белгісі болып табылады. Дүнген лағманында (нағыз лағман деп аталатын) кесілмеген және жайылмаған, тек созылған кеспе қолданылады. Лағманда макарондарды, вермишельді және басқа өндірістік өнімдерді қолдану тағамды сырттай ұқсатады, бірақ сипатын мүлдем өзгертеді. Ваджаны жəне кеспесін жеке даярлап, содан соң біріктіреді. Лағманды тәрелкеге емес, шұңғыл кеселерге құйып береді, оның қабаттарын кезекпен орналастырады: кеспе, ваджи, үстінен қатық құйып, аскөк және кинза себеді. Лағманға қажетті өнімдер құрамы. Кеспе үшін: 0,5 кг ұн, 1 жұмыртқа, 150 мл су, 1/2 шай қасық тұз. Ваджи үшін: 0,5 кг қой еті, 200 г өсімдік майы, 2 картоп (ірі), 2 сəбіз, 1 тұрып, 1 қызылша, 1 тәтті бұрыш, 100 г қырыққабат, 4 пияз, 4 қызанақ, 1 бас сарымсақ, 1 стақан кинза көгі, жарты шай қасықтан қара және қызыл бұрыш.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1