Липтон
Липтон (ағылш. Lipton) — дүние жүзіндегі ең ірі шәй сауда маркасы болып саналады. Ол құрғақ жапырақ түрінде және салқын сусын түрінде де кездеседі. Қазіргі таңдағы «Lipton» сауда маркасы Unilever компаниясының меншігі болып саналады.
Lipton компаниясы 19-ғасырдың соңына таман Шотландиядағы Глазго қаласында Томас Липтонмен құрылған болатын. Кешірек, компания өрге өрлеп, Глазгода алғашқы дукендер жүйесі пайда болады. Бір қаламен ғанамен шектелмей, дүкендер бүкіл Шотландияға, кейінірек бүкіл Ұлыбританияда да ашыла басталды. «Плантациядан тәкелей шынаяққа» деген лозунгты пайдаланған Лимптон компаниясы, әркімге жоғарғы сапалы, танымал да арзан сусын жасағысы келді. Алғашқы кезеңде, Lipton шәйі Том Салливан ойлап тапқан бір рет пайдаланылатын шағын қалташаларда сатылатын еді. Әр қайнатылған шәйдің судың сапасына байланысты екенін түсінген Томас Липтон шәйдің әр өңірге байланысты бірнеше түрлерін өңдіруге кіріседі. Сол себептен, шәй өндіретін мамандарға әр өңірдің су сынақтары қажет болды.
Липтонның бизнесы кейінірек «Unilever» халық тұтыну компаниясымен шағын келісімдер арқылы сатып алына басталды. Алдымен 1938 жылы АҚШ пен Канада мемлекеттеріндегі компаниялар сатып алынса, 1972 жылы қалған бөлігі иемделді. 1991 жылы, «Unilever» PepsiCo кәсіпорнымен бірлесе отырып, Солтүстік Америкадағы маркетингтік компания құру мақсатында Pepsi Lipton Partnership ұйымын құрады. Осы сәттен бастап, салқындатылған және бөтелкелі шәй түрлері өндіріле басталды. Пайдалы бірігудің нәтижесінде, олар америкалық емес көптеген рыноктарға жол ашпақ болып, екінші Pepsi-Lipton International (PLI) атты компанияға айналады. 2007 жылдың қыркүйек айында, компанияның үлкейуімен Еуропаның рыноктарына да көше бастады.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Lipton Yellow Label ( 1890 жылдан бастап) — 150 мемлекетте сатылады
- Lipton Ice Tea (с 1972) — PepsiCoмен бірлесе отырып жасалынған жоба, 60 мемлекетте сатылады
Қосымша ақпарат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дүние жүзілік «Lipton» шәйінің қолданысы жылына 4,5 млрд литрді құрайды
Дүние жүзі бойынша күніне 205 млн «Lipton» шынаяғы ішіледі.
Британдық арғы тегіне қарамастан, Lipton (Yellow Label) қара шәйі Ұлыбританияда сатылмайды.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- www.lipton.com — «Lipton» ресми сайты
- www.lipton.ru — «Lipton» Ресейлік сайты Мұрағатталған 12 маусымның 2008 жылы.
- Lipton брэндының тарихы Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2013 жылы.
- Томас Липтон және оның шәйі