Мазмұнға өту

Лушан тауы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лушан тауы
қыт. 庐山
Сипаттамасы
Аумағы

382 км²

Ең биік шыңы

Дахаяң шоқысы

Биіктігі

1474 м

Орналасуы

29°34′21″ с. е. 115°58′24″ ш. б. / 29.57250° с. е. 115.97333° ш. б. / 29.57250; 115.97333 (G) (O) (Я)Координаттар: 29°34′21″ с. е. 115°58′24″ ш. б. / 29.57250° с. е. 115.97333° ш. б. / 29.57250; 115.97333 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

Цзюцзян , провинциясы Цзянси , Қытай

China edcp relief location map.jpg

Ортаққордағы санаты

Лушан (қыт. 庐山) - тау жүйесі және ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне кірген Қытай Ұлттық қорығы. Әлемдік деңгейдегі әйгілі тау. Ол Қытайдың Жяңши өлкесінің солтүстігінде орналасқан. 90-нан астам шоқысы бар, жалпы 382 шм алып жатыр. Лушан тауы айбаттылығымен, ғажайыптығымен, қатерлілігімен де әлемге әйгілі болып келеді. Лушан тауларын үнемі бұлт басып жатады. Әр жылдың орташа 190 күні тұман басып жатады.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лушан тауы- жазықтықта көтерілген жалғыз тау. Бас шыңы - Дахаяң шоқысы, оның теңіз деңгейінен биіктігі 1474 м. Шоқылардың ара-арасы жота-жалдар, шатқал-сайлар, жалама жартастар, үңгірлер болып келеді. Шатқалдағы қатты ағыс әсерінен сарқырама, шүңеттер, қазан көлдер қалыптасқан. Атақты Үш қаттау сарқырама 155м биіктіктен ағып түседі. Шілдедегі орташа температура 22,6 градус болады.

Лушан тауында тіршілік мол, орманмен көмкерілу салыстырмасы 76,6%, жоғары дәрежелі өсімдіктердің 3 мыңға таяу түрі кездеседі,жануарлардың 2 мың түрі кездеседі. Тау етегінде Бояңху көлі жыл құстары қорығы-"тырна патшалығы" саналады, ақ тырнаның әлем бойынша ең көп шоғырланған жері осы жер.Лушан тауында субтропик бамбук ормандары, ыстық белдеулік мәңгі жасыл кең жапырақты орман, қоңыржай белдеулік жапырақ тастайтын кең жапырақты орман, суық белдеулік қылқан жапырақты ормандар да кездеседі[1].

Лушандағы сарқырамалардың бірі Лушан тауындағы тұман

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Көрші" әмбебап мәдени журналы. Әуелқан Қалиұлы. Алматы. № 33 2009 ISSN 1673-3843