Люмпен-пролетариат
Люмпендер, люмпен-пролетариат (нем. lumpen - жалба- жұлба) — өз жағдайларын өзгертуге құлшынбайтын, тағдырға мойынсынған қоғамның ең төменгі жігі болып табылатын жұмысшылардың тапсызданған, ардан безген, өнегесіз бөлігі (қайыршылар, қаңғыбастар, тұрақты мекені жоқтар, қылмыскерлер және басқалар). Люмпендердің саны қоғам дамуының дағарысты жағдайларында күрт өседі, әсіресе, экономикалық дағдарыстар, жұмыссыздық, әлеуметтік-саяси аномия қатты әсер етеді. Тарихи тәжірибе көрсеткеніндей, өздерінің әлеуметтік-саяси бағдарын анықтай алмаған люмпендер әртүрлі әлеуметтік-саяси - анархистерден фашистерге дейінгі күштердің жағына шығып, авторитарлық немесе тоталитарлық идеология мен саясаттың қайнар көзіне айналуы мүмкін.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |