Мары уәлаяты
Уәлаят | |
Мары уәлаяты | |
түрікм. Mary welaýaty | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Енеді |
12 атрап, 2 қала |
Әкімшілік орталығы | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
37°00′ с. е. 62°00′ ш. б. / 37.000° с. е. 62.000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 37°00′ с. е. 62°00′ ш. б. / 37.000° с. е. 62.000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер аумағы |
87 150 км² (4 орын) |
Уақыт белдеуі |
UTC+5 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
1,480,400 адам (2005)(1 орын) |
Тығыздығы |
16,99 адам/км² (3 орын) |
Ресми тілі |
түрікмен |
Сандық идентификаторлары | |
ISO 3166-2 коды |
TM-M |
Телефон коды |
3522 |
Автомобиль коды |
MR |
Мары уәлаяты Ортаққорда Координаттар: 37°00′ с. е. 62°00′ ш. б. / 37.000° с. е. 62.000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Мары уәлаяты (түрікм. Mary welaýaty) — Түрікменстанның оңтүстігінде орналасқан уәлаяты. Жері 131,1 мың шаршы км. Әкімшілік орталығы – Мары қаласы.
Табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мары облысы Тұран ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жері бұйратты, ылдилау, солтүстігі жазық, оңтүстігі — орталық Қарақұм (биіктігі 150 м). Әмудария және Теджен өзендерінің аралығы – Оңтүстік-Шығыс Қарақұм (биіктігі 300 м). Теджен өзенінің оңтүстік-батысы Көпеттау жазығы (биіктігі 50 м-ден 350 м-ге дейін), оңтүстігін Бадхыз (биіктігі 1267 м), Қарабел (биіктігі 984 м) қыраттары алып жатыр.
Климаты континенттік, қуаң. Қаңтардың орташа температураы -2–4°C, шілдеде 28–32°C. Жылдық жауын-шашын мөлшері — 100-300 мм.
Ірі өзені — Мургаб. Бадхыз, Қарабел атырабында астық тұқымдас өлеңді өсімдіктер, Мургаб аңғарында тоғай (терек, жиде, тал, қамыс) өседі. Бадхыз қорығында пісте тоғайы және 60-қа жуық сирек кездесетін (эндемиктер) өсімдіктер кездеседі. Бөкен, қасқыр, түлкі, қабылан, құлан, т.б. аңдар мекендейді.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мары уәлаятына 9 атырап (2008-2016 жылдары Алтын саһра атырабы да болған) және 2 қала кіреді. 2 қала:
9 атырап:
- Байрамалы атырабы
- Уәкілбазар атырабы
- Қарақұм атырабы
- Жолөтен атырабы
- Мары атырабы
- Мұрғап атырабы
- Сақаршаға атырабы
- Тақтабазар атырабы
- Түрікменқала атырабы
Шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мары облысы – Түрікмен КСР-індегі мақта және қаракөл қойын өсіретін басты аудан. Өнеркәсіп өнімі 1965-72 жылы 1,8 есе артты. Облыс энергетикасы жергілікті газға негізделген. Теджен, Мұрғаб өзендерінің аралығы, Шатлық, Шехитли- Джуджуклин, Май, Байрам-Али, Ислим, Карачоп кен орындарында газ өндіріледі (жалпы қоры 1 трлн куб м). Жергілікті газбен жұмыс істейтін Мары ГРЭС-і (қуаты 1970 мың квт) 1973 жылы іске қосылды. Машина жасау, металл өңдеу, бірнеше жөндеу кәсіпорындары, үй құрылысы комбинаты (Мары, Теджен, Каахка), мақта тазарту, жүн жуу, иіру-тоқу, былғары, аяқ-киім, кілем тоқу фабрикалары (Мары), май алу комбинаты, ет-сүт, шарап жасау (Мары,Байрам-Али, теджен) өнеркәсіп орындары бар. Ауыл шаруашылығының басты салалары – мақта, қаракөл қойын өсіру, жеміс шаруашылығы. Мұрғаб пен Теджен шұраттарында суармалы егіншілік басым. Мұрғаб, Теджен өзендерінің бойына бөгендер жасалған ( Ташкеприн, Колхозбент, Иолотань, Гиндукуш т. б. бөгендері), 1973 жылы облыста 116 колхоз, 21 совхоз болды. Ауыл шаруашылығы жерінің 2,7% -і (358 мың га, 1972) егістік, 65%-і мақта егісі. 1972 жылы393 мың тонна шиітті мақта, оның ішінде 172 мың тонна жіңішке талшықты мақта (республикадағы өнімнің 97%) жиналды. Егісінің 13%-і жоңышқа, 12,3%-і дәндә дақылдар. Көкініс, бақша дақылдарын да өсіреді. Бау-бақша және жүзімдік 9,3 мың га, 1973 жылы мал саны (мың): қой мен ешкі 1366, мүйізді ірі қара 140 (оның ішінде сиыр 61). Жібек шаруашылығы дамыған. Темір жолының жалпы ұзындығы 700 км-ден астам Мары облысы территориясы арқылы Красноводск – Теджен – Мары – Ташкент және Мары – Кушка темір жол тармағы өтеді. Автомобиль жолының ұзындығы 2528 км. Амудариядан Мары қаласына дейін кеме жүзеді. 1972/73 оқу жылында 426 мектеп, 8 кәсіптік –техника училище, 4 арнаулы орта оқу орны болды. 1972 жылы 322 кітапхана, тарихи-революциялық музей және драма театры, 239 клуб, 184 кино қондырғы, 12 пионерлер үйі болды. «Ленин байдағы» («Ленин туы»;1933, түрікмен тілінде) және «Марыйская правда» (1938 жылдан) облыс газеттері шығады. 1973 жылы Мары облысында 87 аурухана, 1 мың дәрігер жұмыс істеді. Байрам-Али курорты бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Среднеазиатский экономическийрайон, М.,1972.