Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау.
Маңғыт әулеті — Бұхар хандарының әулеті (1753–1920); Аштархандар әулетін ауыстырып, Мұхаммед Рақым (1753–1758) әмір атанды. Маңғыт әулетінің атақты өкілдері: Даниял би (1758–1785), Шаһ-Мұрад (1785–1800), Хайдар (1800–1826), Насрулла (1826–1860), Мұзаффар әд-Дин (1860–1885). Маңғыт әулеті феодалды бытыраңқылықпен дәйекті түрде күрес жүргізді. Маңғыт әулетінің тұсында феодалды қанаудың күшеюі ірі халық көтерілістеіне қытай-қыпшақ (1821–1825), Самарқан қолөнершілерінің (1826), шаруалардың (1885, 1888, 1889) көтерілісіне әкеп соқты, Мұзаффар әд-Дин әмір тұсында 1868 жылғы келісім мен 1873 жылғы толықтырылған келісім бойынша Бұхара хандығы Россияның протекторатын мойындады. Маңғыт әулеті 1920 жылға дейін билік құрды. Халық революциясының нәтижесінде Маңғыт әулеті құлатылып, Бұхар Халықтық Совет Республикасы орнады.[1]