Медисон Скуер Гарден
Медисон Скуер Гарден | |
Madison Square Garden | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Мекен жайы |
Madison Square |
Орналасқан қала | |
Мемлекет | |
Ғимараттың маңыздылығы |
Бокстан Әлем Чемпионы үшін титулдар ойнатылады |
Ашылған уақыты |
1968 жыл, 11 ақпан |
Құрылыс құны |
123 млн $ |
«Медисон-скуер-гарден» (ағыл.Madison Square Garden) — АҚШ, Нью-Йоркте орналасқан спорттық кешен. Бірнеше спорт түрлерінен халықаралық жарыс ұйымдастырылатын және НХЛ мен НБА командаларының үйдегі аренасы.
Кешен XIX ғасыр аяғында Мэдисон-сквер көшесінің солтүстік-шығыс бұрышына салынып, АҚШ төртінші президенті Джеймс Мэдисон құрметіне атауы берілген. Өзінің бүкіл тарихында «Медисон-скуер-гарден» үш рет қайта тұрғызылған (1890, 1925, 1968). Қазір кешен 31-ші және 33-ші көшелеріндегі Сегізінші авенюда орналасқан. Жыл сайын аренада 320 түрлі іс-шаралар өтеді. «Медисон-скуер-гарден» — «Нью-Йорк Рейнджерс» (НХЛ), «Нью-Йорк Никс» (НБА), «Нью-Йорк Либерти» (WNBA) командалары үшін үй аренасы. Аренада 1994 жылы НХЛ жұлдыздарының барлық матчы, 1998 жылы НБА жұлдыздарының, WNBA жұлдыздарының 1999, 2003 және 2006 жылдардағы барлық матчы өткен. НБА Чемпионатының 1970 («Нью-Йорк Никс» МСГ чемпионатын жеңеді), 1972, 1973, 1994 и 1999 жылдардағы финалдық матчтары өткізілген. Стэнли Кубогының 1972, 1979 және 1994 (Рейнджерс МСГ чемпионатын жеңеді) жылдардағы Финалы өткен. МСГ көптеген ППВ-шоу WWE қабылдаған. Олардың арасында Рестлмания (1, X, XX), SummerSlam (1988, 1991, 1998), Survivor Series (1996, 2002, 2011), 2000 және 2008 жылғы Карольдық айқастар өткен. МСГ-де басқа ареналарға қарағанда, өте көп чемпиондық титулдар жеңіп алынған. МСГ аренасында кәсіпқой боксшылардың маңызды жекпе-жектері өтеді. Бұл аренада аңызға айналған боксшылар Мұхаммед Али, Джо Фрейзер, Майк Тайсон, Рой Джонс өнер көрсеткен.