Мелани Мартинес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мелани Адель Мартинес


Мелани Адель Мартинес( Melanie Adele Martinez; 1995 жылдың 28 сәуірінде, Болдуин, Нассау Кантри, Нью-Йоркта туылды)— американдық әнші, композитор және фотограф. Мелани Адам Левиннің американдық “Голос” шоуының 3-інші сезонында топ мүшесі болды. 2014 жылдың 22 сәуірінде ол «Dollhouse» өленін шығарды, бұл өлен дебюттік мини-альбом “Dollhouse” ға кірді. 2015 жылдың 14-інші тамызында әнші “Cry Baby” альбомын шығарғанда, бөлек синглмен «Pity Party» музыкасы шықты .

Мансап жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 жыл: мансаптың басталуы және "The Voice"-қа қатысуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 жылы Мартинес “Голос” шоуына 3-інші маусымына қатысып, Бритни Спирстің «Toxic» әнін орындады. Төрт қазылар алқасының үшеуі: Адам Левин, Си Ло Грин және Блэйк Шелтон «мен сені таңдаймын» түймесін басты, Мартинес олардың арасынан Левинді тәлімгер есебінде таңдады. Оның ең бірінші бақталасы Кейтлин Мишель болды, олар Элли Голдингтің «Lights» әнін орындады. Келесі раундта ол Сэм Джеймсоммен La Rouxтың «Bulletproof» синти-поп дуэтін орындады. Левин Джеймсті қабылдамады және Мартинес қатысуын жалғастыра алды, Адам командасының қалған бес мүшелерінің бірі болды. Live Roundsтың бірінші аптасында Мартинес «Hit the Road Jack»-ті орындады, аптаның соңында көрермендер сайлауының нәтижесі бойынша командада Аманда Браун, Брайан Кейт және Мелани қалды. Үшінші аптада Мартинес сайлау аяқталар алдында «Seven Nation Army» орындап, iTunes Top 200 Single Chartтан 20 адамның бірі болды.Төртінші аптада «Too Closeruen» әнін орындау арқылы чарттан 6-ыншы орынға көтерілді. Бесінші аптаның соңында Мартинес көрермендердің сайлауы бойынша шоудан Амандой Браунмен бірге шығарылды, нәтижесінде Адамның тобында қатысушы қалмады. Мартинес топтан шығар алдында бұл шоуда мұншалықты көп жетістікке жету туралы армандамағанын айтты, ол өзін әнші есебінде жақсы көрсете біліп өз мақсатына жетті.

2013 жыл: “Dollhouse EP” және “Cry Baby”

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шоудан кейін Мартинес өзінің қабілетімен жұмыс істей бастады. 2014 жыл 22 сәуірде ол өзінің дебюттік «Dollhouse»синглін бейнебаян түрінде шығарды. Автор және продюсерлермен бірігіп Нью-йорктік дуэт Kinetics & One Loveruen шығарды.2014 жыл 7-інші сәуірде Atlantic Recordsпен контрактқа отырды. 2014 жылдың 19-ыншы мамырда әншінің дебюттік мини-альбомы «Dollhouse»шықты. Мартинесдің «Carousel» әні “Американская история ужасов: Фрик шоу” минисериалында болды. 2015 жылдың 2-інші маусымында Мартинес «Pity Party» синглін шығарып, дебюттік толық форматтағы Cry Baby альбомын шығаруға дайындады. Альбом шығар алдында 2015 жылы 10-ыншы шілдеде Мелани «Soap» синглін жазды, бұл сингл 31-інші шілдеде альбомның релизине 14 күн қалғанда «Sippy Cup» атын алды. 2015 жылы 23-інші желтоқсанда Мелани арнайы христиандардың мейрамы рождествоға арнап сингл жазды «Gingerbread Man». 2016 жылы 14-наурызда «Cry Baby» әніне бейнебаян түсірілді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

орыс. '