Михаил Николаевич Тухачевский
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Михаил Николаевич Тухачевский (16.02.1893 жыл, Смоленск губерниясы, Дорогобугинск уезі (қазіргі Смоленск облысы, Сафонов ауданы, Следнев ауылы) — 12.06.1937 жыл, Мәскеу) — әскери қолбасшы және әскери теоретик, Кеңес Одағының Маршалы (1935), Бірінші дүниежүзілік және Азамат соғысына қатысқан.
- Ақсүйектер отбасынан шыққан.
- Александровск әскери училищесін бітірген (1914).
- 1918 жылдан бастап Қызыл Армия қатарында, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің әскери бөлімінде, Мәскеу ауданының әскери қорғаныс комиссары қызметтерін атқарған.
- 1918 жылы Шығыс майданның 1-Армиясына қолбасшылық еткен, бұл армия Орынбор бағытындағы Орталық Волга бойында ақ чехтарға және ақ гвардияшыларға қарсы ұрыстар жүргізген.
- Тухачевский 1920 жылдың ақпан-сәуір айларында Деникин әскерлерін талқандаған Кавказ майданының және Кеңес-поляк соғысы кезінде Батыс майданның қолбасшысы болды.
- 1925-1928 жылдары РККА штабының бастығы
- 1931 жылдан КСРО РӘК (Революциялық Әскери Кеңес) төрағасының орынбасары
- 1934 жылдан Қорғаныс Халкомының орынбасары
- 1936 жылы 1-орынбасары қызметтерін атқарған.
- Жазықсыз жазаланып, қаза тапқан, кейін ақталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Mikhail Tukhachevsky |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Санаттар:
- 16 ақпанда туғандар
- 1893 жылы туғандар
- Смоленск облысында туғандар
- 12 маусымда қайтыс болғандар
- 1937 жылы қайтыс болғандар
- Мәскеуде қайтыс болғандар
- Ленин орденінің иегерлері
- Қызыл Ту орденінің иегерлері
- Кеңес Одағының маршалдары
- Сталиндік репрессия құрбандары
- КСРО-да атылғандар
- Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар
- Азаматтық соғыс қатысушылары
- Ресей империясы офицерлері
- КСРО мемуаршылары
- Қайтыс болғаннан соң ақталғандар
- КСРО-да ақталғандар
- Әскери теоретиктер