Мазмұнға өту

Мошовце

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

МошовцеСловакияда Жилинск өңірінде Турчиск округінде орналасқан.

Турцадағы селоларының ең үлкені. Оның бай тарихын көптеген көз тартарлық көрікті орындары дәлелдейді, сонымен қатар оның тарихы 800 жылдан бері жазылып келуде. Мошовценің алғашқы аталуы 1233 жылы Андраш королінің құжатында кездеседі. Мошовце екі селодан тұрған, біріншісі «'Махыух» қазіргі Стары Раджерінде дамыған, екіншісі „Терра Моыс» деп аталған және қазіргі Видрмох өңірінде орын тепкен, бүгінгі «Мошовце» деген атау сол күрделі «Терра Моыс» атаудандан шыққан сөз. Бұл сөздің мағынасы Мойша Жері, біздің ойымызша, ежелгі заманда бұл мекен Мойшаға жатқан. Біртіндеп бұл сөздің айтылуы өзгерістерте ұшыраған: славяндардың Мойтех'аталуының қысқаруы Мойша болған, түбірлес сөздер «Войтех» немесе «'Моймир». Бұл атау тарихи жағдайлармен өзгерістерге ұшыраған, яғни Мошовых, Мошоц, Мошовец, вилла региа Маыос алио номине Мошовых, оппидиоум Маыус суе Мосоцз, Мосоцз олим Маыус, ал бүгінгі атауы - Мошовце. Мошовце ауылының көне жағы - бұрынғы «Хорнуков» поселкесі, бүгінгі сақталған аталуы «Черняков».

Мошовце корольдің ауылы ретінде еркін, айрықша құқыққа ие мекен боп дамып, 14 ғасырдың жартысынан Блатница сарайына бағынған. 1527 жылы Мошовце Реваы отбасының қарамағына түсіп, келесі 400 жыл бойы Мошовце қаласының басымдық құқықтығы мен дәрежесі бұзылып, сақталып қалмаған.

Ежелден Мошовце бұл өңірде қол өнерінің орталығы болған. Қол өнеркәсібі өркендеп, сол кезде 15 кәсіптік цех жұмыс істепті. Солардың ішінде ең ұзақ мерзім өмір сүрген етікшілер мен тері илеу кәсіп цехтері. Бүгін Мошовце ірі, көп көз тартарлық орындары бар туристік өңір. Мошовце ғимараттарының өзіне ғана тән сәулеті.

Көз тартарлық орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғимараттар мен үймереттер арасындағы ең қызықтысы – Рококо, классицизм стилдеріндегі ғимараттар. Солардың бірі - XVIII ғасырдың екінші жартысында салынған ағылшын паркі бар қорған. Келесі қызықты жерлер: Ян Коллар үймереті, неоготика стиліндегі өте құнды мехрабы бар шіркеу, 1784 жылда салынған лютеран шіркеуі, қол кәсіп мұражайы бар кесене, жаңа жылыжай мен 1800 жылдың павильоны.

Бұндағы табиғат ғажайып тамаша. Тарихи аллеялар кешені бар тау сілемі Велька Фатра. Бұл тау сілемдерінде доломит, әктасы бар таужыныстарының фантастикалық түрлері мен сұлулығы ғажап. Сонымен қатар Гадерска мен Блатницка аңғарларын атауға болады.

Белгілі тұлғалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мошовце ауылында көптеген әйгілі тұлғалар дүниеге келген: композитор Фрицо Кафенда (1883-1963), жазушы Анна Лацкова-Зора (1899-1988), әдебиет сыншысы, тарихшы және ақын Штефан Крчмеры (1892-1955), драматург Юр Тесак Мошовскы, Словакиядағы алғашқы ерікті өрт сөндірушілер қоғамын ұйымдастырушысы Милослав Схмидт. Солардың ішінде ең әйгілісі – ұлы славян ақыны, философ, лютеран попы Ян Коллар (1793-1852), бұл ақынның шығармашылығы ұлттық әдебиетінің дамуына зор үлесін қосқан. Сол кездегі патриоттардың ұраны болған «Славы дцера» көптеген славян тілдері мен басқа да тілдерге аударылған.

Мошовце туралы сурет қоймасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Mošovce

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]