Мултан
Мултан (Multan)- Орталық Пәкістандағы қала, халық саны 1 182 000 адам (1998), ЧИНАБ өзенінің маңында. [1]. Ежелгі қаланы б.э. дейінгі 326 жылы Александр Македонский басып алған.
712 жылы ол мұсылмандарға бағынады. Үш ғасыр бойы Үндістан деп аталатын территорияда исламның аванпосты болды. Дели сұлтанатының және Ұлы Моғолдар империясының билігінде болды, ағылшындардың иелігіне (1849-1947) өтпес бұрын, оны ауғандықтар мен (1779) сикхи (1818) басып алған.
Бұл тоқыма, шыны фабрикасы және қолөнері, әсіресе, құмыра ісі және түйе терісін өңдеу ісі дамыған сауда және өнеркәсіптік орталық. Мұнда көптеген мұсылман ғибадатханалары мен көне индус ғибадатханасы орналасқан.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|