Мяо-яо тілдері
Мяо-яо тілдері (хмонг-мьен) — Оңтүстік Қытайға, солтүстік Вьетнамға, Лаосқа және солтүстік Тайландқа кеңінен тараған ареалды тілдер семьясы. Бұл топқа жататын тілде 9 млн-нан астам адам сөйлейді. Мяо тілдері үш диалектілер тобына жіктеледі: батыс, орталық және солтүстік диалектілер тобы. 18 ғасырдан бастап батыс диалектілер тобын тұтынушылар солтүстік Үндіқытайға қоныс аударады. 1975 жылы аяқталған Үндіқытай соғысының салдарына Мяо тілін тұтынушылардың көпшілігі Лаостан Тайландқа қашып тығылады. Кейінірек олардың кейбіреулері АҚШ-на көшіп келеді. Қазіргі күні АҚШ-да 150 мыңға жуық батыстық Мяо тілінде сөйлейтін адамдар тұрып жатыр. Ал Яо тілі негізгі үш диалектіге бөлінеді, оның ішіндегі ең танымал диалекті тілінде халықтың 85 пайызы сөйлейді. Дегенмен, бұл тілдер сол аймақтағы басқа да тілдерге құрылысы жағынан ұқсас болып келеді. Мысалы, қытай тіліне ұқсас, ал Мяо-яо тілінің өзге тілдер семьясымен генетикалық туыстығы толық дәлелденбеген.