Мұнтазқұстар тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мұнтазқұстар
Қазбалық ауқымы: Эоцен – Recent 35–0 Ma

Ғылыми топтастыруы
Үлгілік түрі
Alca torda
Linnaeus, 1758
Тұқымдас тармақтары

Мұнтазқұстар тұқымдасы (лат. Alcidae) — Татреңтәрізділер отрядының (лат. Charadriiformes) жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік теңіздердің мұхит құстары.


Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері кездеседі. Бұлардың денесі ұзынша, мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар (Аlсіdае). Бізде төменде көрсетілген түрлері кездеседі.

Балтатұмсық (лат. Fratercula): — тұмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын (Fratercula corniculata) мекен етеді. Кейде Жаӊа Жердің және Мурманскінің жағалауында Арктикалық балтатұмсық (лат. Fratercula arctica) кездеседі. Биік тасты немесе түбі жұмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерден өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.

Мұнтазқұс ( лат. Cepphus) — үлкендігі кішігірім үйректердей болады, тұмсығы ұзынша, бірақ екі бүйірінен қысыңқы болмайды. Берингов, Охот, Жапон теңіздерінің және Арктика теңіздерінің аралдарын, жағалауларын чистиктердің төрт түрі мекен етеді. Ұяларын биік тасты жағалауларға, көбінесе үңгірлерге және індерге салады.

Қайр (лат. Uria) —тұқымдастың ішіндегі үлкендері ірі үйректердей, тұмсығы ұзынша, үшкір болады. Денесінің үсті және басы қара-қоңыр, құрсақ жағы ақшыл түсті келеді. Тынық мұхиттың солтүстігіндегі теңіздердің жағалауында және солтүстік теңіздердің аралдарында, Мурманск жағалауында, Жаңа Жер, Франц-Иосиф жерінде қайрлардың екі түрі ұялайды. Ұяларын саларда жартасты жағалауларда топтанып жүреді. Жардың тақыр қуысына бір ғана жұмыртқа салады.

Бұл отрядқа жататын құстар жыл маусымының барлық кезеңінде де колониялы түрде тірішлік етеді. Әсіресе олар ұяларын саларда бірнеше жүздегені бір жерде мекендейді. Құстардың мұндай топтанған жерін “құс базары” деп атайды. Ұясын тік құздарға салады. Көпшілігінде қайрлар, балта тұмсықтылар, чистиктер, шағалалар ұяларын бір жерге салады. Бірақ “базардағы” құстардың көпшілігі қайрлар болады. Құстардың ең үлкен базарлары Жаңа Жердің батыс жағалауында және Франц-Иосиф жерінде кездеседі [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Омыртқалылар зоологиясы. Мектеп баспасы, Алматы, 1970